15. бАСшылАРдың ӘРдАйыМ
хАлыҚТың ойын бІлугЕ ТыРыСуы
осы мәселе бойынша омар мен Әбу
бәкірдің басынан өткен екі оқиға
Әбу Салих әл-Ғифари айтады: «Омар (р.а.)
Мәдинаның шет аудандарының бірінде тұратын, көзі
көрмейтін бір әйелге түн қараңғылығында суын та-
сып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қарасып жүретін.
Алайда әр барғанында басқа біреудің өзінен бұрын
келіп, әйелге қолғабыс етіп кеткенін байқайды. Оның
кім екенін білу үшін бірде ертерек келіп, қалтарыстан
торуылдап тұрады. Қараса, Әбу Бәкір Сыддық екен.
Бұны көргенде, Омар (р.а.): «Ант етемін, өзі де сенен
басқа біреу болуы мүмкін емес еді», – дейді
442
.
әл-Әузаи айтады: Бірде түн қараңғылығында
шығып, әлдеқайда бет алған Омарды (р.а.) көріп, Тал-
ха оның ізіне түседі. Омардың бір үйге кіргенін, сосын
одан шығып, тағы бір үйге бас сұққанын байқайды.
Ертеңгісін Талха (р.а.) Омардың түн жамылған бұл
жұмбақ жүрісінің сырын білмек болып, сол үйлердің
біріне соғады. Іштен көзі көрмейтін, орнынан тұра ал-
майтын кәрі кемпірді байқайды. Талха одан: «Түнде
келген адам сіздікінде не бітіріп жүр?» – деп сұрайды.
Ғаріп әйелдің жауабы Талханың күдік-күмәнін сейілтіп
қана қоймай, еріксіз ойға қалдырады. Әйелдің жауабы
мынау болатын: «Бірталайдан бері маған қарасып, ке-
441
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/937 (14339)
442
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/731 (35607)
427
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
регімді әкеліп, үйімді тазалап кетеді». Талха (р.а.) іші-
нен «Аллаһ қайырын берсін, Талха, Омардың айыбын
іздеу сенің міндетің бе еді?» – деп күбірлейді
443
.
Достарыңызбен бөлісу: |