Әскерлердің мезгіл сайын ауыстырылуы
Абдуллаһ ибн Кағб ибн Мәлік әл-Ансари айта-
ды: Мұсылмандар «Иран шебінде қолбасшылары
тағайындалған, ансарлардан жасақталған тұрақты әскер
ұстады. Омар (р.а.) жыл сайын шегара аймағындағы
әскердің орнына басқа жасақ жіберіп, олардың ор-
нын ауыстырып отыратын. Алайда, бір жылы әскери
жасақтардың орнын ауыстыруға мүмкіндік болмайды.
Жоғарыдан пәрмен берілмесе де, шегара қызметіндегі
мерзімі аяқталған әскери жасақ өздеріне сеніп
тапсырылған аймақты тастап, кері қайтады. Омар әскер
қолбасшысына ашуланады. Аллаһ расулының көзін
көрген сахабалардан тұратын жасақты жазаға тарта-
мын деп қаһарына мінеді. Олар: «Сен бізді ұмыттың.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әскердің ор-
нын кезекпен ауыстырып тұру туралы нұсқауына
бағынбадың», – дейді»
446
.
Достарыңызбен бөлісу: |