Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Абдуллаһ ибн Әбу хадрет пен бір яһуди



Pdf көрінісі
бет291/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   349
Абдуллаһ ибн Әбу хадрет пен бір яһуди 

арасында болған оқиға

Абдуллаһ  ибн  Әбу  Хадрет  әл-Әсләми  (р.а.)  айта-

ды: «Бір яһудиге төрт дирхам қарыз болатынмын. Ол 

менің  үстімнен  Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

шағымданып: «Уа, Мұхаммед, мына адамда төрт дир-



хам  алашағым  бар  еді,  бермейді,  маған  көмектес»,  – 

452


 Бұхари, Сахих 4/1570 (4066)


434

Сахабалар салған сара жол

дейді.  Расулаллаһ:  «Оның  ақысын  бер»,  –  деді.  Мен: 

«Сені хақ дінмен жіберушіге ант етемін, дәл қазір төрт 

дирхамды  төлейтіндей  шамам  жоқ»,  –  дедім.  Аллаһ 

расулы: «Оның ақысын бер», – деді. Мен: «Жанымды 

уысымда ұстаған Аллаһқа ант етемін, төлейтін шамам 

жоқ. Сіздің бізді Хайбарға аттандыратыныңыздан сол 

жерде  сарбаздарға  үлестіретін  олжадан  мені  де  құр 

қалдырмайтыныңызға үміттенемін, Хайбардан қайтқан 

соң қайтарып берейін қарызын», – дедім. Аллаһ расулы 

үшінші рет: «Оның ақысын бер», – деді. Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  не  нәрсені  үш  рет 

қайталаса, мәселе сонымен жабылатын. Хадисті жеткі-

зуші айтады: «Содан Абдуллаһ басына сәлдесін орап, 

шапанын  киіп  базарға  шықты.  Сәлдесін  шешіп,  белі-

не байлады. Шапанын шешіп, ізінен еріп келе жатқан 

яһудиге «Қаласаң, қарызымның орнына осы шапаным-

ды  берейін»,  –  дейді.  Яһуди  келіседі.  Сол  кезде  егде 

тартқан  бір  әйел  Абдуллаһқа  «Ей,  Аллаһ  расулының 

досы,  саған  не  болған?»  –  деп  сұрайды.  Ол  болған 

жағдайды айтады. Әйел өзінің шапанын Абдуллаһтың 

иығына жабады

453

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет