Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


осы мәселе бойынша Әбу Қатада



Pdf көрінісі
бет290/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

осы мәселе бойынша Әбу Қатада 

туралы риуаят

Әбу 


Қатада 

(р.а.) 


айтады: 

«Хунейнге 

Пайғамбарымызбен  бірге  жорыққа  шықтық.  Жол-

да  мүшріктермен  кездесіп  қалдық.  Мұсылмандар 

кері  шегініп,  бет-бетіне  тарай  бастады.  Осы  ұрымтал 

тұсты ұтымды пайдаланып қалғысы келген бір мүшрік 

әлдебір  мұсылманның  үстіне  шығып  алып,  оның  ту 

сыртынан бас-көзге төмпештеп жатқанын көрдім. Де-

реу  мүшріктің  арқасына  қылыш  сілтеп,  сауытын  қақ 

айырдым.  Ол  әбжілдік  танытып  қапсыра  құшақтап 

менің  өзіме  ұмтылды.  Мені  қышқыштай  қысқаны 

соншалық – демім үзілетін шығар деп ойладым. Алай-

да, көретін жарығым бар екен, оның өзі өліп, мен аман 

қалдым. Жүгіріп отырып  Омарға бардым. «Адамдарға 

не болған?» – деп сұрап едім, «Аллаһтың қалауы», – деп 

жауап берді ол. Осыдан соң тарыдай шашылып, талқаны 

таусыла  жаздаған  мұсылман  әскері  жұдырықтай 

451


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/318


433

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

жұмылып, жаңа күшпен шабуылға шығып, жеңіске қол 

жеткізді.  Шайқастан  кейін  Пайғамбарымыз:  «Кім  жа-

уын жер жастандырса және өзінің бұл ерлігін байқаған 

куәгері болса, сол өлген адамның бұйымдары оған тиес-

ілі», – дейді. Мен орнымнан тұрып: «Кім маған куәгер 

болады?» – деп сұрадым. Ешкім үндей қоймаған соң, 

қайта отырдым. Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 осы 


сөзін бір емес, үш мәрте қайталады. Әрбірінде мен де 

түрегеп:  «Кім  маған  куәгер  болады?»  –  деп  сұраумен 

болдым.  Тағы  бір  түрегелгенімде,  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)  «Әй,  Әбу  Қатада,  сен  не  айтпақсың?»  –  деді. 

Мен  болған  жайтты  айтып  бердім.  Арамыздан  біреу: 

«Әбу Қатада дұрыс айтады, ол өлтірген мүшріктің зат-

тары  менде.  Менің  атымнан  оның  ризалығын  ал»,  – 

дейді. Сол кезде Әбу Бәкір сөзге араласып: «Жоқ, бол-

майды. Егер Аллаһ расулы сол өлген адамның заттарын 

саған берсе, Аллаһ пен расулының жолында соғысқан 

мүжаһидтің  көпе-көрнеу  ақысын  жеген  болады»,  – 

деді. Пайғамбарымыз: «Әбу Бәкір дұрыс айтады. Өлген 

адамның заттарын Әбу Қатадаға беруің керек», – дейді. 

Ол сөзге келген жоқ. Мен оларға Бәни Сәләма жерінен 

бір құрма бауын сатып алдым. Ислам дініне кіргеннен 

кейінгі алғашқы меншігім осы құрма бауы болды»

452

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет