хазірет омардың бахрейн әкімін
айыптауы
Йәзид ибн Әбу Мансур айтады: «Бахрейн әкімі Ибн
Жаруд мұсылмандардың дұшпанымен хат алысқаны не-
месе жауды паналау ниеті болғаны үшін Әдиряс деген
адамның басын алған еді. Соңғы санаулы уақыттарында
ол: «Уа, Омар қайдасың? Уа, Омар жете гөр!» – деп
жан даусы шыға айқайлап, Омардың әділеттігін еске
салмақ болған-ды. Омар мұны естіп, Бахрейн әкіміне
хат жазып, оны Мәдинаға шақыртып алады. Омар әлі
демін баспаған әкімді келген бойда таяқтың астына
алды. Бір жағынан «Міне, Әдиряс, міне, Әдиряс!» деп
сөйлеумен болды. Әкім: «Уа, мүміндердің әміршісі!
Ол мұсылмандардың құпиясын дұшпанымызға жет-
кізбекші еді, әрі соларға қосылуды қалаған болатын»,
– дейді. Омар: «Демек, сен оны «өйтпекші, бүйтпекші»,
– болғаны үшін өлтірдің, солай ма? Исламды алғаш
қабылдаған уақыттарымызда күнә жасауды арамызда
кім қаламады дейсің? Егер әкімді өлтіру әдетке айна-
лып кетеді деп қорықпағанда, сені осы тұрған жеріңде
мүрдем кетірер едім», – дейді.
463
Достарыңызбен бөлісу: |