Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


халифа омардың өз ұлы Абдуррахманды



Pdf көрінісі
бет297/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

халифа омардың өз ұлы Абдуррахманды 

жазаға тартуы

Ибн  Омар  (р.а.)  айтады:  «Омардың  халифалығы 

кезінде - Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа 

деген  атпен  танылған  Уқба  ибн  Харис  Мысырда  бір 

күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі 

Амр ибн Астың алдына барып: «Діннің үкімі бойынша 

бізді жазалап, күнәмізді жуып-шаюға әмір бер, өйткені 

біз ішімдік ішіп, мас болдық», – дейді. Бауырым Абдур-

рахман мас болғанша ішімдік ішкенін маған да айтқан 

болатын.  Мен  оған  шариғаттың  жазасын  қолданып, 

күнәсінен  арылтуды  ойладым.  Алайда,  олардың  Амр 

ибн Асқа барғанын білмеген едім. Кейін олар Амр ибн 

Асқа  жолыққандарын  айтты.  Оған:  «Шашыңды  ел-

жұрттың көзінше алдырма, үйге кір», – дедім. Өйткені, 

шариғат  жазасы  қолданылар  алдында  күнәһардың 

шашы  да  тықырлап  алынатын.  Мен  өз  қолыммен 

бауырымның шашын алдым. Сосын Амр ибн Ас оларға 

шариғат жазасын қолданды. 

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  Омар  болған  жай-

ды  естіп-біліп,  Амр  ибн  Асқа  «Абдуррахманды  жүк 

артылған  түйеге  мінгізіп,  маған  аттандыр»  деп  хабар 

жібереді. Ақыры не керек, Халифа да Абдуррахманды 

шариғат негізінде жазалайды. Содан соң оны Мысырға 

жібереді. Бауырым осыдан соң, бір айдай тың жүрген 

еді.  Алайда,  кенеттен  ана  дүниеге  аттанады.  Халық 

оны Омар қолданған жазадан қайтыс болды деп ойла-

ды, алайда бұл шындыққа жанаспайды. Ол өз ажалы-

мен жан тапсырды. Ең бастысы, мен оның күнәсін ана 

дүниеге арқалап кетпегеніне іштей қуандым»

459


459


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/874 (36014)


440

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет