452
Сахабалар салған сара жол
қалайды. Желбегейін шешіп, сол жердегі бағаналардың
біріне іледі. Сол кезде қайдан ұшып келгені белгісіз
бір кептер оның желбегейіне қонады. Омар ласта-
масын деп көгершінді үркітіп, ұшырып жібереді. Ол
басқа жерге барып қонады. Алайда, көгершінді қонған
жерінен жылан шағып өлтіреді. Омар жұма намазын
өзі имам болып оқытады. Осман екеуміз оның қасына
барғанымызда «Бүгінгі әрекетіме не дейсіңдер?» – деп,
болған жайтты баяндады. Аз-кем кідіріп: «Негізінде,
құс қауіпсіз жерге қонған болатын. Мен оны үркітіп,
ажалына себепші болдым», – деді. Мен сөзге араласып
Османға (р.а.): «Мүміндер әміршісінің үш жасар ақ
ешкіні құрбандыққа шалып, өзінің абайсызда жіберіп
алған ағаттығын жуып-шаюына қалай қарайсың?» –
дедім. Осман: «Мен сенің ойыңа қосыламын», – деді.
Омар біздің айтқанымызды орындады
475
.
Достарыңызбен бөлісу: