Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың Ала ибн әл-хадрамиге айтқаны



Pdf көрінісі
бет331/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

 омардың Ала ибн әл-хадрамиге айтқаны

Шаби (р.а.) риуаят етеді: Омар (р.а.) Бахрейндегі 

Ала  ибн  әл-Хадрамиге  былай  деп  хат  жазады:  «Утба 

ибн Ғазуанға барып жолық, оның қызметін саған тап-

сырдым. Мынаны жақсы біліп ал, сен Аллаһ құзырында 

үлкен  сыйлар  уәде  етілген  алғашқы  мұһажырлардың 

бірінің  қасына  бара  жатырсың.  Мен  оның  абы-

ройын  төмен  санап,  дінге  селқостық  танытқандықтан 

қызметтен босатқан жоқпын. Орнына сені тағайындау 

себебім: аталмыш аймақтағы мұсылмандарға одан гөрі, 

сенің пайдаң көбірек тие ме деп ойлаймын. Сол себепті 

Утбаның қадірін біл, оны құрметте. Сенің алдыңда бір 

адамды әкім етіп тағайындаған едім, алайда қызметіне 

кіріспей  жатып  көз  жұмды.  Егер  Аллаһ  сені  осы 

қызметке қолай көріп, қаласа, жазмыштан озмыш жоқ, 

499


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/47; Табари, Тарих 2/440


469

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

егер  Утбаның  әкім  болып  қалуын  қаласа,  Аллаһтың 

үкіміне қарсы келе алмаймыз. Мынаны жақсы біл. Жа-

ратылу  мақсатыңды  ешқашан  ұмытпа,  оған  айрықша 

мән бер, сол жолда ақтық демің үзілгенше, тырысып-

тырмысып әрекет ет. Дүние өткінші, ал ақырет мәңгілік. 

Уақытша нығметтер жайлаған мына дүниенің сені ар-

бап, мәңгілік азапқа салатын қауіпін ұмытпа. Аллаһтың 

азабынан сақтауы үшін Аллаһқа сыйын. Аллаһ қалаған 

құлына  даналықты  нәсіп  етеді.  Аллаһтан  бізді  және 

сені  Өзіне  сыйынып,  азабынан  сақтасын,  мейірімінен 

шет қалдырмасын деп тілейік...»

500



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет