Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың утба ибн ғазуанға айтқандары



Pdf көрінісі
бет330/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   349
омардың утба ибн ғазуанға айтқандары

Абдулмәлік  ибн  Умәйр  айтады:  Омар  Утба  ибн 

Ғазуанды  Басраға  жіберерде  былай  деген:  «Ей,  Утба! 

Сені  Басраның  әкімі  етіп  тағайындадым.  Белгілі 

нәрсені  неге  шегелей  айтып  отыр  дейсің?  Бұл  аймақ 

жау  қолындағы  аумағы  үлкен  ірі  орталықтардың 

бірі  десе  де  болады.  Басра  мен  халқын  бағындыруға 

Аллаһтың  саған  көмектесетінінен  үміт  етемін.  Ала 

ибн әл-Хадрамиге Урфужа ибн Хәрсәма арқылы саған 

қолдау көрсету үшін жазбаша нұсқау жібердім. Урфу-

жа – жаумен көп алысқан, олардың тәсілдеріне тақыс, 

тәжірибелі  адам.  Онымен  ақылдасып,  оған  мейлінше 

жақын жүр.

Ей,  Утба!  Қарсыластарыңды  алдымен  Аллаһтың 

дініне шақыр, келіссе, қабыл ет. Оған көнбесе, жизия 

төлеуді  ұсын.  Оны  да  қабылдамаса,  шайқасқа  шық. 

Бұл қызметті атқарған кезде, Аллаһтан қорық. Нәпсіңе 

ие  болып,  тәкаппарлықтан  сақтан,  сенің  ақыреттік 

өміріңді  ит  тартқан  терідей  ту-талақай  етпесін.  Сен 

Аллаһ расулының(с.а.с) сұхбатына қатыстың, бір кез-

498

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 7/47; Табари, Тарих 2/440




468

Сахабалар салған сара жол

дері  адассаң,  қазір  ізгілікке  қол  жеткіздің,  әлсіз  едің, 

күшейдің,  сөзі  өтімді  қолбасшы  және  құрметке  ие 

әкімсің.  Сөйлесең  айтқаның,  иек  қақсаң  ишаратың, 

бұйырсаң  әмірің  аяқ  асты  қалмайды.  Беу,  бұл  қандай 

үлкен нығмет десеңші! Бұл нығметтерден басың айна-

лып шектен шықпассың. Меніңше, сен үшін ең үлкен 

қауіп – нығмет қаупі. Олар сені тұзағына түсіріп, сені 

тозаққа  допша  домалатып  әкетуі  мүмкін.  Өзімнің 

атымнан және сенің атыңнан мұндай жағдайға түсуден 

Аллаһ  сақтасын.  Адамдар  бар  ынта-ықыласымен 

Аллаһқа қадам басқысы келеді-ақ. Амал не, қу дүниенің 

құлақкесті  құлына  айналып,  арбауына  түседі.  Сөйтіп, 

адамдар негізгі мақсаттарын ұмытып, ақыретке апарар 

жолға өзі көлденең түсіп жатып алады. Ал, сен Аллаһты 

қала, дүниеге мойын бұрма!»

499



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет