Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Ардақты елшінің өз туыстарын



Pdf көрінісі
бет43/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Ардақты елшінің өз туыстарын 

исламға шақыруы

«Алдымен  ең  жақын  туыстарыңа  ескерт»  деген 

«Шұғара» сүресінің 214-аяты түскенде, Пайғамбарымыз 

Мәруа төбешігіне шығып, туыстарына: «Әй, Фихр тай-

пасы!» – деп дауыстайды. Құрайыштар жиналады. Әбу 

Ләхаб:  «Фихр  тайпасы  келіп  тұр.  Ал,  айтатыныңды 

айт», – дейді. Пайғамбарымыз: «Әй, Ғалиб тайпасы», – 

дейді. Фихр тайпасынан Бәну Мухариб пен Бәну Харис 

келеді. «Әй, Луәй ибн Ғалиб тайпасы!» дегенде, Бәну 

Тәймнің төбесі көрінеді. «Әй, Кағыб ибн Луәй тайпа-

сы» деген кезде, Бәну Амр ибн Луәйдің қарасы шалы-

нады. Сонымен қатар, Бәну Ади, Бәну Сәхм, Бәну Жу-

мах ибн Амр, Килаб ибн Мүрра тайпасынан Бәну Зухра 

ибн  Килаб,  Абду  Мәнап  тайпасынан  Бәну  Абдиддар 

ибн Құсай, Бәну Абдуләсәд ибн Абдұлузза және Бәну 

Абд Құсай да шақырылады. 

Әбу  Ләхаб  пайғамбарға  қарап:  «Міне, 

Абдулманафтың  ұрпақтары  қасыңда.  Не  айтасың, 

айта бер», – дейді. Аллаһ нәбиі (с.а.с.): «Аллаһ маған 

жақын  туыстарыма  ескертуімді  әмір  етті.  Сендер 

Құрайыштансыңдар әрі менің жақын туысымсыңдар. 

«Лә  иләһа  иллаллаһ»  демесеңдер,  бұл  жерде  де, 

ақыретте  де  сендерге  көмегім  тимейді.  Егер  бұл 

сөзді  айтатын  болсаңдар,  мен  Аллаһтың  құзырында 

осыған куәгер боламын. Әрі бұл дүниеде арабтардың 

барлығы сендерге бағынады, араб еместер алдарыңда 

тізе бүгеді», – дейді. 

96

  Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 5/427 (23668)




72

Сахабалар салған сара жол

Әбу  Ләхаб:  «Әй,  тұқымың  құрғыр,  бізді  осыған 

бола шақырдың ба? Өзің де, айтып отырғаның да құрып 

кетсін», – деп қарғап-сілейді. Осыған байланысты «Әбу 

Ләхабтың қолдары құрысын» деген аятпен басталатын 

«Тәббәт» сүресі түседі

97



Осы оқиғаға қатысты тағы бір риуаятта былайша 



баяндалады.  Аллаһ  расулы  барлық  Құрайыш  әулетін 

топ-топқа бөліп шақырады. Шақырылғандар Сафа не-

месе Мәруа төбесіне жиналады. Келмегендер елші жі-

береді. Олардың арасында Әбу Ләхаб та бар еді. 

Аллаһтың расулы (с.а.с.): «Сендерге жаудың ша-

буылынан да маңызды бір хабарды жеткіземін. Бұған 

не дейсіңдер? Егер мына таудың арғы жағында атты 

әскер бар, сендерге шабуыл жасамақшы десем, сенер 

ме едіңдер?» – деп сұрайды. Олар бірауыздан: «Иә, 

сенеміз.  Сенің  шыншыл  екеніңді  білеміз»,  –  дейді. 

Пайғамбарымыз:  «Олай  болса,  мен  сендерге  ілгері-

де алдарыңнан шығатын ауыр азапты ескертемін», – 

дейді. 

Осы әңгімеден кейін Әбу Ләхаб жоғарыдағы орын-

сыз сөздерді айтып, ашумен ол жерден кетіп қалады

98



Басқа  бір  риуаятта  жоғарыда  аталған  «Шұғара» 

сүресінің 214-аяты түскенде, Пайғамбарымыз орнынан 

тұрып: «Ей, Құрайыш қауымы! Жандарыңды Аллаһтан 

«сатып  алыңдар».  Өйткені,  мен  Аллаһтың  азабынан 

сендерді құтқара алмаймын. Ей, Абдулмұтталиб әулеті! 

Сендер  де  жандарыңды  Аллаһтан  «сатып  алыңдар». 

Өйткені иман келтірмеген жағдайда мен сендерге тит-

тей де көмек көрсете алмаймын. Ей, Аббас! Көкешім! 

Сені  де  Аллаһтың  азабынан  құтқара  алмаймын.  Ей, 

97

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/39



98

  Бұхари, Сахих 1/470 (1330)




73

Аллаһ пен расулына шақыру

Сафия! Әпкешім! Сені де Аллаһтың азабынан араша-

лап  қала  алмаймын.  Ей,  Фатима!  Балапаным!  Дүние-

мүлкімнен қалағаныңды ал, бірақ Аллаһтың азабынан 

сені де құтқара алмаймын»

99

. Рақым пайғамбары (с.а.с.) 



өзінің  уағыздаған  дініне  сеніп,  иман  келтіргенде  ғана 

ақырет азабынан құтыла алатындықтарын, туыстықтың 

ешқандай пайда бермейтінін айтып ескерткен еді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет