Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет39/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

4. РАСулАллАһТың иСлАМғА 

шАҚыРуын ҚАбылдАМАғАндАР

Әбу Жәһіл

Мұғира  ибн  Шұғба  былай  дейді:  «Аллаһ  ел-

шісін (с.а.с.) алғаш рет Әбу Жәһілді мұсылман болуға 

шақырып тұрғанында көрдім. Әбу Жәһіл екеуміз Мек-

кеде бір көшеден өтіп бара жатып, Аллаһтың расулымен 

кездесіп  қалдық.  Пайғамбарымыз  Әбу  Жәһілге:  «Әй, 

Әбул-Хакәм! Сені Аллаһқа және расулына, Құранға се-

нуге шақырамын», – деді. Әбу Жәһіл: «Ей, Мұхаммед! 

Тәңірлерімізге  тіл  тигізуден  бас  тартасың  ба?  Сенің 

айтқандарыңа  куәгер  болғанымызды  қалайсың  ба? 

Айтқандарыңның  рас  екенін  білсем,  әлдеқашан  саған

 

бағынар едім ғой», – дейді. 



  Расулаллаһ  қасымыздан  кеткеннен  кейін,  Әбу 

Жәһіл  маған:  «Несіне  өтірік  айтайын,  Мұхаммедтің 

92

  Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/608




65

Аллаһ пен расулына шақыру

айтқандарының  шындық  екенін  білемін.  Бірақ  бір 

нәрсе  мені  қинайды:  Оның  бабаларының  бірі  –  Бәну 

Құсай: «Қағбаның кілті бізде болады», – деді, келістік. 

«Қажыларға  су  ұсыну  міндетін  біз  орындаймыз»,  – 

деді,  оны  да  қабылдадық.  «Соғыс  пен  келісімге  келу 

талқыланатын, неке қиылатын мәжілісті біз жүргіземіз», 

– деді, оны да құптадық. Тіпті «Ту көтеріп, қол бастауға 

біз  лайықпыз»,  –  деді,  оған  да  ештеңе  деген  жоқпыз. 

Енді  «Нәби  де  бізден  шықты»,  –  дейді.  «Жоқ,  бұған 

басымды кесіп алса да, көне алмаймын», – деді

93





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет