Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбул-хайсамға және жастардың бір



Pdf көрінісі
бет42/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   349
Әбул-хайсамға және жастардың бір 

тобына исламды насихаттау

Әбул-Хайсам деген лақап атпен танымал сахабаның 

шын есімі Әнәс ибн Рафи болатын. Ол бір топ жастар-

мен  Хазраж  тайпасынан  өздерін  қорғауын  өтініп  әрі 

Құрайыштардан көмек сұрау үшін, Меккеге аттанады. 

Пайғамбарымыз мәдиналық жастардың келгенін естиді 

де,  бұндай  оңтайлы  сәтті  құр  жібергісі  келмей:  «Ке-

лудегі  мақсаттарыңнан  да  қайырлысын  қалайсыңдар 

ма?» – деген сұрақ қояды. Нені меңзегенін сұрағанда, 

Рақым  пайғамбары:  «Мен  адамдарды  тек  Аллаһқа 

ғана  құлшылық  жасауға  және  өзіне  ештеңені  серік 

етіп  қоспауға  шақыруым  үшін  жіберілген  Аллаһтың 

елшісімін. Әрі маған қасиетті кітап түсірді», – дейді 

де,  оларға  Ислам  туралы  кеңінен  түсіндіріп,  Құран 

оқиды.  Топтың  ішінен  Ияс  ибн  Муаз  деген  жас 

жігіт:  «Уа,  жұртым!  Бұл  біздің  келу  мақсатымыздан 

да  қайырлы»,  –  дейді.  Әнәс  ибн  Рафи  бір  уыс  ұсақ 

тас  алып,  Иясқа  шашып:  «Ары  тұр!  Біз  бұл  жер-

ге басқа мақсатпен келдік», – дейді. Ияс оған жауап 

қайтармайды.  Пайғамбарымыз  жастардың  қасынан 

кетіп қалады. Олар Мәдинаға қайтады. 

Арада көп уақыт өтпестен, Әус пен Хазраж тай-

палары  арасында  Буас  шайқасы  орын  алады.  Ияс 

ибн  Муаз  (р.а.)  осы  соғыста  шейіттік  шәрбатын 

ішеді.  Жеткізушілердің  айтуы  бойынша,  Ияс  жарық 

дүниемен қош айтысар уақыты тақағанда, ауыз жап-

пай: «Лә иләһә иллаллаһ, Аллаһу әкбар, Субханаллаһ» 

деумен болғанын қауымы тегіс естіген көрінеді. Оның 

мұсылман ретінде жан тапсырғанына күмән қалмаған. 



71

Аллаһ пен расулына шақыру

Ияс  ибн  Муаз    (р.а.)  Расулаллаһты  (с.а.с.)  алғаш 

көргенде-ақ мұсылман болған еді

96

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет