Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың хабаш патшасы



Pdf көрінісі
бет65/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   349
Пайғамбарымыздың хабаш патшасы 

нәжашиға үшбу хаты

Ибн  Ысқақ  былай  дейді:  «Пайғамбар 

(саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәлләм)

  Жағфар  ибн  Әбу  Тәліп  пен  жолдастарының 

жағдайын баяндап, Амр ибн Умәйятуд-Дамридің (р.а.) 

қолына  хат  ұстатып,  Нәжашиге  жіберді.  Хатта  былай 

жазылған еді:

«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим!  Аллаһтың  расу-

лы  Мұхаммедтен  Хабаш  патшасы  Нәжаши  Асхамға 

сәлем!  Сені  танығаным  үшін  Мәлік,  Құддыс,  Мүмін, 

Мүһәймин  деген  сипаттарға  ие  Аллаһқа  мадақ  айта-

мын. Иса (а.с.) Аллаһтың тұрмыс құрмаған, ары таза, 

адал,  абыройлы  Мәриямға  үрлеген  рухы  әрі  кәламы 

(сөзі)  екеніне  куәлік  етемін.  Мәриям  Исаға  жүкті 

болған.  Аллаһ  тағала  Адамды  өз  қолымен  жаратып, 

оған рухынан қалай үрлесе, Исаны да солай өз рухы-

нан жаратқан. Сені жалғыз, серігі жоқ Аллаһқа, Оған 

басыбайлы мойынсұнуға, маған бағынуға, маған және 

дәріптегендеріме иман келтіруге шақырамын. Ақиқаты 

осы: мен Аллаһтың елшісімін. Саған бірнеше адаммен 

бірге  көкемнің  баласы  Жағфарды  жібердім.  Сендерге 

барғанда,  күтіп  ал,  оларға  озбырлық  көрсетпе.  Сені-

мен қоса әскерлеріңді де Аллаһтың дініне шақырамын. 

Мен  уағызымды,  насихатымды  айттым,  сендер  тиісті 

жауабын беріңдер. Тура жолдағыларға Аллаһтың нұры 

жаусын!»

127


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет