Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет73/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

14. ПАйғАМбАРыМыЗдың КөРКЕМ 

МІнЕЗІ МЕн ЖЕКЕ АдАМдАРдың 

ТуРА ЖолғА ТүСуІнЕ СЕбЕП болғАн 

ӘРЕКЕТТЕРІ

яһуди дінбасы Зәйд ибн Сүнғаның 

мұсылман болуы

Абдуллаһ  ибн  Сәламның  (р.а.)  айтуынша:  «Хақ 

тағала  Зәйд  ибн  Сүнғаға  тура  жолды  нәсіп  еткенде, 

Зәйд былай деген:

«Пайғамбарлықтың  белгілерінің  екеуінен  басқа-

сының  бәрін  Мұхаммедтің 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  бойы-


нан кездестірдім. Сол екі сипатқа көз жеткізгім келіп 

жүрді. Бұл екі сипат төзімділігі мен жұмсақтығы, өзіне 

жасалған  дөрекіліктерге  сабыр  етіп,  кешірімділігінің 

молдығы еді». 

Зәйд өз сөзін одан ары былай сабақтайды:

«Бір  күні  пайғамбар 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Али  (р.а.) 

екеуі жарларынан бірінің үйінен шықты. Дәл сол сәтте 

салт атты бәдәуи қасына келіп: «Уа, Расулаллаһ! Пәлен 

ауылда  бірнеше  адамым  бар,  олар  мұсылман  бол-

ды.  Бұрынырақта  егер  мұсылман  болса,  ризықтары 

көбейіп, берекесі артатынын айтып едім. Алайда олар 

қуаңшылыққа ұрынып, жұтқа ұшырады. Мал-жанымыз 

көбейеді  деп,  Исламға  кіріп  еді,  енді  бәрі  Исламнан 

шыға ма деп қорқамын. Егер оларға жәрдем беруді жөн 

деп тапсаңыз, бұл істі өзім орындар едім», – дейді. 

138


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/55


128

Сахабалар салған сара жол

Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  қасында  тұрған  адамға 

«көмектесе  алар  шамаң  бар  ма»  дегендей  сұраулы 

жүзбен қарайды (сірә, ол Али-ау (р.а.) деп ойлаймын). 

Ол: «Уа, Расулаллаһ, біздің де қамбамыз бос, қазанымыз 

тақыл-тұқыл», – деді. Сонда мен (Зәйд ибн Сүнға) оған 

тақап келіп: «Уа, Мұхаммед, пәлен адамдардың құрма 

бағынан біраз уақытқа қолма-қол ақшаға құрма сатасың 

ба?» – дедім. Аллаһ расулы: «Пәленнің құрма бағы деп 

атап  көрсетпе»,  –  деп  ескертті.  Келісіп  қол  алыстық. 

Арамыздағы келісім бойынша, келіскен уақытта белгілі 

мөлшерде  құрма  үшін  сексен  мысқал  алтын  төледім. 

Оны бәдәуиге беріп: «Оларға көмектес», – деді. 

Келіскен  мерзімнің  бітуіне  аз  уақыт  қалған  еді. 

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкір, Омар, Осман және 

бірнеше  сахабамен  бірге  жаназа  намазын  оқып  келе 

жатқан беттері екен. Көрген бойда олардың қасына ба-

рып, көйлегінен ұстап, тартып тұрып, қатулы жүзбен: 

«Уа,  Мұхаммед!  Ақымды  төлемейсің  бе?  Сендер, 

Абдулмұтталибұлдары, қарызды ұдайы кешіктіресіңдер. 

Маған бұл қылықтарың жақсы таныс», – дедім. 

Сол  кезде  Омарға  (р.а.)  еріксіз  көзім  түсіп  кетті. 

Жанары шатынап кетіпті: «Ей, Аллаһ дұшпаны! Аллаһ 

расулына қалай-қалай сөйлейсің? Бұлай сөйлеуге қалай 

дәтің  барды?  Аллаһқа  ант  етемін,  көңілің  Исламнан 

суып кете ме деп тартынбағанымда, осы тұрған жеріңде 

басыңды шауып түсірер едім», – деді. 

Аллаһ расулы (с.а.с.) сабырлы қалпын бұзған жоқ. 

Омарға  бұрылып:  «Омар,  біз  сенің  бойыңнан  мұндай 

шалт  қимылды  емес,  басқа  қасиетті  көргіміз  келеді. 

Маған қарызымды дер кезінде абыроймен қайтаруымды, 

оған қарызын әдептен озбай талап етуін ұсынуың керек 

еді. Қане, Омар! Сен онымен бірге бар да, ақысын төле, 



129

Аллаһ пен расулына шақыру

қорқытқаның  үшін  оған  жиырма  сағ  (өлшем  бірлігі) 

артық құрма салып бер», – деді. 

Омар  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  айтқанын  екі  ет-

кен  жоқ.  «Уа,  Омар!  Неге  артық  бердің?»  –  дегенім-

де, «Расулаллаһ солай бұйырды», – деді. Бұған «Сені 

қорқытқаным үшін» деп қосып қойды. 

–  Мені таныдың ба, Омар? – деп сұрадым одан. 

–  Жоқ, тани алмай тұрғаным, – деді ол. 

–  Мен Зәйд ибн Сүнғамын, – дедім. 

–  Дінбасы ма? – деп іркіліп қалды ол. 

–  Иә, дінбасы Зәйд, – дедім. 

–  Расулаллаһқа  неге  дөрекілік  жасадың?  –  деп 

сұрады ол. 

–  Уа,  Омар,  екі  қасиетінен  басқа  қаншама 

пайғамбарлық  белгісі  бар  болса,  соның  бәрін  де 

пайғамбардың жүзінен алғаш көргенде-ақ байқағанмын. 

Алайда мына екі қасиетіне көз жеткізе алмай жүр едім. 

Төзімділігі  мен  жұмсақтығы  және  өзіне  жасалған 

әділетсіздік пен қиянатқа асқан сабырлылық танытуы 

еді.  Оның  осы  екі  қасиетін  танып-білу  үшін  сынап 

көрген  едім.  Омар!  Сені  куәгер  етемін,  Раббы  ретін-

де  Аллаһқа,  дін  ретінде  Исламға,  пайғамбар  ретінде 

Мұхаммедке риза болдым. Сені куәгер етемін, дүние-

мүлкімнің  жартысы  Мұхаммедтің  үмбетіне  садақа,  – 

дедім. 


–  «Мұхаммедтің  үмбетінің  бір  бөлігіне»  –  де, 

әйтпесе жеткізе алмайсың, – деді Омар. 

–  Бір бөлігіне, – деп өсиетімді түзеттім. 

Хадисті  жеткізуші  айтады:  «Омар  мен  Зәйд 

Расулаллаһтың  (с.а.с.)  қасына  қайтып  оралады,  Зәйд 

кәлима  шаһадатты  айтып,  Аллаһ  расулына  иман  кел-

тіріп,  серт  берді.  Пайғамбарымызбен  бірге  көптеген 



130

Сахабалар салған сара жол

соғыстарға  қатысып,  Тәбүк  соғысында  шейіт  болды. 

Хақ тағала Зәйдті рақымына бөлесін!»

139


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет