Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың хаушаб зу-Зуләймді



Pdf көрінісі
бет61/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   349
Пайғамбарымыздың хаушаб зу-Зуләймді 

парыздарды орындауға шақыруы

Хаушаб  зу-Зуләйм  былай  дейді:  «Аллаһ  тағала 

Мұхаммедке 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  жеңісті  нәсіп  еткен-

нен кейін, мен оған Абдушәрр басқарған қырық атты 

әскерді  жібердім.  Елшілерім  менің  хатымды  алып, 

Мәдинаға  барған  соң,  Абдушәрр:  «Мұхаммед  деген 

кім?» – деп сұрайды. «Мына кісі» деп, ол жердегілер 

Пайғамбарымызды нұсқағанда, ол: 

–  Мына жұртқа не айтасың? Егер айтқаның ақиқат 

болса,  саған  бағынамыз,  –  дейді.  Расулаллаһ:  –  На-

маз  оқисыңдар,  зекет  бересіңдер,  қан  төкпейсіңдер, 

жақсылықты жайып, жамандықтан тыясыңдар, – дейді. 

Абдушәрр: 

–  Бұл  айтқандарың  көкейге  қонады  екен.  Әкел 

қолыңды, саған серт беремін, – дейді. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 одан: 


–  Сенің есімің кім? – деп сұрайды. 

–  Абдушәрр (жамандықтың құлы), – деп жауап бе-

реді ол. Пайғамбарымыз: 

–  Жоқ,  керісінше,  сенің  есімің  Абдулхайыр 

(жақсылықтың құлы) болуы керек, – дейді. 

121


 Бұхари, Сахих 2/544 (1425)


102

Сахабалар салған сара жол

Ол  Аллаһ  расулына  иман  келтіріп,  серт  береді. 

Пайғамбарымыз сол адам арқылы Хаушаб зу-Зуләймге 

жауап жібергеннен кейін, Хаушаб та Аллаһ пен расу-

лына иман келтіреді»

122






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет