Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 хуАйТыб ибн АбдулуЗЗАның



Pdf көрінісі
бет91/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

22. хуАйТыб ибн АбдулуЗЗАның 

иСлАМды ҚАбылдАуы

Абдулуззаның  ұлы  Хуайтыб  былай  дейді:  «Мек-

ке  алынған  жылы,  Аллаһ  расулы 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

шаһарға  кірген  кезінде,  ес-түсім  қалмай  қорықтым. 



Үйімнен шығып, бала-шағамды қауіпсіз жерге орналас-

тырдым. Өзім Ауфтың құрма бақшасына барып бой та-

саладым. Сол жерде Әбу Зәрр Ғифаридің келе жатқанын 

байқадым. Екеуміз бұрыннан дос-жар адамдар болатын-

быз. Достар бір-біріне опасыздық жасамайды емес пе? 

Соны  біле  тұра,  Әбу  Зәррдің  төбесі  көрінгенде,  қаша 

жөнелдім. Ол артымнан: «Әбу Мұхаммед! Не болды?» 

– деп дауыстады. «Қорқамын», – дедім мен. «Қорықпа, 

сен Аллаһтың қорғауындасың, өзіңе де, мал-мүлкіңе де 

қауіп жоқ», – деді. Кері қайтып келіп, сәлемдестім. Ол 

маған: «Үйіңе бар», – деді. «Үйіме аман бара аламын ба? 

Жолда  ұстап  алып  өлтірер.  Онсыз  да  бала-шағамның 

әрқайсысы әр жерде», – дедім. 

«Бала-шағаңды  жина,  мен  де  сенімен  бірге  бара-

мын»,  –  деді  ол.  Әбу  Зәрр  жолда  «Хуәйтыбқа  ешкім 

тиіспесін» деумен болды. Сосын ол Пайғамбарымызға 

барып, болған жайтты хабарлады. 

«Өлтіруге  бұйырылғандардан  басқа  адамдардың 

барлығына  ешкім  тиіспейді,  солай  емес  пе?»  –  деп 

сұрады.  Мен  оның  осы  сөзінен  кейін  жаным  жай  та-

уып, балаларымды үйге апардым. Артынша Әбу Зәрр 

маған қайта соғып: «Бұл қашанға дейін осылай жалғаса 

береді?  Қаншама  соғыстан  қалып  қойдың,  көптеген 

157


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/30


169

Аллаһ пен расулына шақыру

игіліктерді  уыстан  шығарып  алдың.  Әлі  де  көптеген 

жақсылықтар  бар.  Қане,  Пайғамбарымызға  келіп,  Ис-

ламды  мойында.  Ол  –  адамдардың  ең  жомарты,  ең 

қайырымдысы, ең мейірбаны. Оның мәртебесі – сенің 

мәртебең, Оның мерейі – сенің мерейің», – деді. «Егер 

айтқаның  рас  болса,  екеуміз  бірге  барайық»,  –  дедім. 

Пайғамбарымызды Әбу Бәкірмен және Омармен бірге 

Батхада  отырған  жерінен  іздеп  таптық.  Әбу  Зәррден 

оған қалай сәлем беру керектігін сұрадым. «Әссәләму 

аләйкә  әюһәннәбиу  уә  рахматуллаһи  уә  бәрәкатуһ» 

дейсің» деп үйретті. 

Мен  солай  сәлемдестім.  Расулаллаһ:  «Саған  да 

сәлем,  ей,  Хуайтыб!»  –  деді.  Мен:  «Куәлік  етемін, 

Аллаһтан  басқа  ғибадатқа  лайық  тәңір  жоқ,  сен 

Аллаһтың расулысың», – дедім. Ол: «Сені тура жолға 

салған Аллаһқа мадақ айтамын», – деп жауап қайтарды. 

Менің  мұсылман  болғаныма  қатты  қуанды.  Менен 

қарызға ақша сұрады. Мен қырық мың дирхам бердім. 

Сонымен  қатар,  Хунәйн  соғысы  мен  Таиф  жорығына 

қатыстым. Ол маған Хунәйн олжасынан жүз түйе бер-

ді

158



Хакимнің басқа бір риуаятында Хуайтыбтың одан 

кейін  былай  дегендігі  айтылады:  «Ата-бабаларының 

наным-сенімінен  айырылмай,  қатып-семіп  қалған 

Құрайыштардың ішінде ешкім Мекке бағындырылғанға 

дейінгі  жеңілістерден  мен  секілді  әсер  алған  жоқ. 

Тағдырдың жазуы солай болды. Мен мүшріктермен бір-

ге Бәдір соғысына қатыстым, ғажайып оқиғаларға куә 

болдым, періштелерді көрдім, олар адамдарды өлтіріп, 

тұтқынға  алып  жатты.  «Бұл  адамға  рухани  қолдау 

көрсетіледі  екен»  деп  ойладым,  бірақ  көргендерімді 

158


 Хаким, Мүстәдрәк 3/561 (6084)


170

Сахабалар салған сара жол

ешкімге айтпадым. Жеңіліс тауып, салымыз суға кетіп, 

Меккеге оралып, сонда қалдық. Құрайыш ерлері бірі-

нен кейін бірі Исламға кіріп жатты. Худайбия келісімін-

де елшілік қызмет атқардым. Келісімшарттың мерзімі 

біткенге дейін тырысып бақтым. Осылардың барлығы 

Исламға күш-жігер беріп, Аллаһтың қалауы жүзеге асып 

жатқан еді. Худайбия келісімшартын жазған кезде, ең 

соңғы куәгер мен болатынмын. Ішімнен: «Құрайыштар 

Мұхаммедтен  жамандық  болмаса,  жақсылық  көрмес. 

Әлі-ақ  талай  зиян  шегеді»,  –  деп  ойладым.  Мен 

Құрайыштың оған найзамен қарсы тұрғанын қалап едім. 

Пайғамбар 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 Худайбия келісімшарты 

бойынша келесі жылы ұмра қажылығын қаза ету үшін 

Меккеге келгенде, Құрайыштар шаһардан шықты. Біз 

Сүһәйл ибн Амр екеуміз Меккеде қалдық. Мақсатымыз 

– келісімшартта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, 

Аллаһ  расулын  (с.а.с.)  Меккеден  шығару  болатын. 

Үш күн мерзім біткеннен кейін, Сүһәйл ибн Амр еке-

уміз  оған  барып:  «Мерзіміңіз  аяқталды,  енді  жеріміз-

ді босатыңыздар», – дедік. Ол: «Ей, Біләл, күн батпай 

тұрып  бізбен  бірге  келген  мұсылмандардан  ешкім 

қалмай Меккеден шықсын!» деп жар сал», – деді

159






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет