Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұсғаб ибн умәйрдің усәйд ибн худайрды



Pdf көрінісі
бет93/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Мұсғаб ибн умәйрдің усәйд ибн худайрды 

исламға шақыруы

Ибн Ысхақ былай дейді: «Әсад ибн Зурара Мұсғаб 

ибн  Умәйрмен  (р.а.)  бірге  Абдулашхалұлдары  мен 

Зафарұлдарының  жеріне  бару  үшін  жолға  шығады. 

Сағыд  ибн  Муаз  Әсад  ибн  Зурараның  жиені  бола-

тын. Зафарұлдарының құрма бауларының арасындағы 

Мәрак құдығының басындағы бауға барып, тізе бүгеді. 

Исламды қабылдаған бірнеше адам да солардың қасына 

жиналады. Бұл уақытта Сағыд ибн Муаз бен Усәйд ибн 

Худайр  Абдулашхалұлдарының  көсемдері  болатын. 

Екеуінің де мұсылман бола қоймаған кезі. Мұсғаб пен 

Әсадтың келгенін естіп Сағыд ибн Муаз Усәйдке: «Әй, 

160

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/29




172

Сахабалар салған сара жол

тұқымың құрғыр! Адамдардың сауатсыздығын пайда-

ланып,  алдауға келген  ол  екеуін қуып  жібер, ендігәрі 

мұнда аяқ баспасын. Әттең, Әсад туысым болмағанда, 

бұл істі өзім-ақ тындырар едім. Нағашы әпкемнің ба-

ласы болғандықтан, онымен жаға жыртысқаным дұрыс 

болмас», – дейді. 

Содан Усәйд ибн Худайр қолына найзасын алып, 

жұмсаған жаққа кетеді. Әсад ибн Зурара (р.а.) Усәйдтің 

қарасын  көріп,  Мұсғабқа  (р.а.):  «Саған  келе  жатқан 

мына  кісі  –  осы  қауымның  беткеұстары»,  –  дейді. 

Мұсғаб: «Келсін, сөйлесіп көрейін», – дейді. 

Усәйд  олардың  қасына  терісіне  симай  тепсініп 

келіп:  «Бізге  не  үшін  келдіңдер?  Біздің  адамдары-

мызды алдауға ма? Өмір сүргілерің келсе, қараларыңды 

батырыңдар бұл жерден!» – дейді.

Мұсғаб:  «Уа,  батыреке,  аптығыңды  бас.  Бас  кес-

пек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ.  Бір  ауыз  сөзге  қонақ 

бер.  Айтқандарымыз  ұнаса  қабылдарсың,  ұнамаса 

қабылдамассың», – дейді. 

Усәйд найзасын жерге қадап, тізе бүгеді. Мұсғаб 

оған Исламды түсіндіреді, Құран оқиды. Осыған байла-

нысты Мұсғаб пен жолдастарының былай дегендігі ай-

тылады: «Сөйлеспей тұрып-ақ жүзі нұрланып, қабағы 

ашылғанынан-ақ  Усәйдтің  Исламды  қабылдайтынын 

сезген едік». Усәйд сосын: «Мына айтқандарың адам-

ды  баурап  алатын,  ет-бауырыңды  елжірететін  сөздер 

екен! Сендер бұл дінге кірерде не істедіңдер?» – дей-

ді.  Мұсғаб:  «Ғұсыл  құйынып,  жақсылап  тазаланасың. 

Киімдеріңді тазалап, шаһадат айтып, намаз оқисың», – 

деді. Ол осы айтылғандардың барлығын орындап, екі 

рәкат намаз оқыды. Сосын оларға: «Осы елде тағы бір 

адам бар, егер ол сендерге бағынса, қауымы да қарап 



173

Аллаһ пен расулына шақыру

қалмас ізінен ереді. Енді сендерге Сағыд ибн Муазды 

жіберемін», – дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет