Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Жәрир ибн Абдуллаһтың ислам негіздері



Pdf көрінісі
бет119/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Жәрир ибн Абдуллаһтың ислам негіздері 

үшін серт беруі

Жәрир  (р.а.):  «Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)


  намаз  оқитындығыма,  зекет  беретіндігіме  және 

әрбір  мұсылманға  үгіт-насихат  жүргізетіндігіме  серт 

бердім», – дейді. 

Имам Ахмад ибн Ханбәлға Жәрирден (р.а.) жеткен 

бір риуаятта Жәрир (р.а.) былай деген: «Уа, Расулаллаһ, 

нелерге  серт  беретінімді  сен  айт,  өйткені  сен  менен 

артық  білесің».  Аллаһ  расулы:  «Бір  Аллаһқа  ғибадат 

ету, Оған еш нәрсені серік етіп қоспау, намаз оқу, зекет 

беру,  әр  мұсылманға  уағыз  айту  және  ширктен  аулақ 

болу шартымен сенің сертіңді қабылдаймын», – дейді.

Табаранидың  риуаяты  бойынша,  Жәрир  (р.а.) 

Пайғамбарымыздың  алдына  барғанда,  Расулаллаһ: 

«Жәрир,  маған  қолыңды  соз»,  –  дейді.  Жәрир:  «Уа, 

189


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/281 (36865)


222

Сахабалар салған сара жол

Расулаллаһ,  неге  серт  берейін?»  –  деп  сұрағанда, 

Пайғамбарымыз  (с.а.с.):  «Аллаһқа  бар  болмысыңмен 

берілуге  және  әрбір  мұсылманға  үгіт  жүргізуге  серт 

бересің», – дейді. Зерек, алғыр Жәрир: «Уа, Расулаллаһ, 

шама-шарқым  жеткенінше»,  –  деп  қосып  қояды. 

Жәрирдің  бұл  сөзі  өзінен  кейінгілерге  де  рұқсаттың 

берілуіне себеп болды

190

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет