Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Серт берген кезде Аббас ибн убаданың



Pdf көрінісі
бет127/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Серт берген кезде Аббас ибн убаданың 

айтқандары

Ибн Ысхақ айтады: «Ансарлар Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  серт  беруге  жиналғанда, 

Салимұлдарынан Аббас ибн Убада ибн Надла: «Ей, Хаз-

раж жамағаты! Мына адамға қандай мәселелер бойын-

ша серт беретіндіктеріңді білесіңдер ме?» – деп сұрады. 

«Иә»,  –  деді  олар.  Аббас  сөзін  былай  жалғастырды: 

«Сендер имансыздармен айқасуға оған серт бересіңдер. 

Соғыстың  зобалаңынан  мал-мүліктерің  талан-таражға 

түсіп,  қадірлі  адамдарың  өлтірілгенде,  оны  жаудың 

қолына ұстап бермейсіңдер ме? Егер дүние мен ақыретте 

199

 Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/56 (9885)




230

Сахабалар салған сара жол

масқара болмайық десеңдер, әлі де кеш емес, бұл істен 

осы бастан бас тартыңдар. Жоқ, осылардың барлығына 

көніп,  айтқанын  шын  ықыласпен  орындасаңдар  ғана 

оны қамқорлықтарыңа алыңдар. Пайғамбарға сүйеніш 

болу  –  дүние  мен  ақыреттегі  игілігі  мол  ең  қайырлы 

іс». 

Ансарлар: «Мал-мүлкіміз таланып, адам шығыны 



орын  алса  да,  өз  қамқорлығымызға  алып,  оны  құшақ 

жая қарсы аламыз», – деп жауап бергеннен кейін, «Уа 

Расулаллаһ, уәдемізде тұрсақ, бізге не беріледі?» – деп 

сұрады.  Аллаһ  расулы:  «Жұмақ»,  –  деп  жауап  берді. 

Олар «Олай болса, қолыңды бер», – деп оған серт бер-

ді

200



Ибн Ысхақтың басқа бір риуаятында осы хадистің 

соңында  мынадай  қосымша  мәлімет  беріледі:  «Серт 

беру  рәсімі  біткеннен  кейін,  Аллаһ  расулы 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Қане,  енді  аттарыңа  қона  берсеңдер  бо-

лады»,  –  дейді.  Аббас  ибн  Убада:  «Уа  Расулаллаһ, 

сені ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етемін, қаласаң, 

ертең қылышымызды қынынан суырып, Мина халқына 

шабуылдайық», – дейді. Аллаһ расулы: «Жоқ, бізге бұл 

бұйырылған жоқ, әзірге тарқаңдар», – дейді

201

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет