османның (р.а.) мұсылман болуы
Осман (р.а.) былай дейді: «Бірде нағашы әпкем
Абдулмұтталиб бинти Әруаның үйіне баc сұқтым. Ар-
тынша Расулаллаһ (с.а.с.) кірді. Мен одан көз алмай қарап
қалыппым. Сол күні көңілі бір нәрсеге алаңдағандай
болып көрінді. Ол менен: «Неге тесіле қарап қалдың?»
– деп сұрады. Мен: «Ұлылығыңызға, арамыздағы ала-
тын орныңызға және сіз туралы айтылғандарға қайран
қалып тұрмын», – дедім. Ол: «Лә иләһә иллаллаһ», –
деді. Бұл сөзге менің тұла бойым шымырлап кетті. Со-
сын мына аятты оқыды: «Анық сенгісі келетіндер үшін
жер бетінде көптеген дәлелдер бар. Өз бойларыңда да
сондай дәлелдер бар. Әлі көрмейсіңдер ме? Көкте де
әрі ризықтарың, әрі сендерге уәде етілгендер (жұмақ)
бар» («Зарият», 51/22-23). Іле үйден шығып кетті. Мен
артынан қуып жетіп, мұсылман болдым
71
.
Достарыңызбен бөлісу: |