Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Абдуллаһ ибн хузафа әс-Сахмидің грек



Pdf көрінісі
бет161/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Абдуллаһ ибн хузафа әс-Сахмидің грек 

билеушісінен ықпауы 

Әбу Рафи жеткізеді: «Гректерге қарсы Омар 

(р.а.)

 

аттандырған  әскердің  сапында  Абдуллаһ  ибн  Хузафа 



атты сахаба да бар еді. Гректер оны тұтқындап, «Мына 

адам Мұхаммедтің сахабаларының бірі» деп патшаның 

алдына  алып  келеді.  Құлағына  құрық  байламайтын 

патша  оны  мал-мүлікпен,  билікпен  қызықтырып,  өз 

жағына  тартпақ  болған  әрекетінен  түк  өнбеген  соң, 

оны өлтіруге ұйғарады. Бұл ұйғарымын жария еткенде, 

Абдуллаһ (р.а.): «Өзің біл», – дейді. Патшаның әмірімен 

Абдуллаһ (р.а.) ағашқа таңылады. Патша мергендеріне: 

255

 Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/82




278

Сахабалар салған сара жол

«Қолдары  мен  аяқтарын  зақымдап  алмай,  тек  зәресін 

ұшырып, қорқытыңдар. Әуселесін көрейік», – дейді. Ол 

Абдуллаһты қайткен күнде де райынан қайтармақ бо-

лады. Бар қулығын сарқа жұмсап, құрығына түсіруден 

күдерін  үзбейді.  Алайда,  бұл  жолғы  әрекеті  де  сәтсіз 

аяқталады.  Не  ойлағаны  белгісіз,  сұры  жаман  патша 

тағы  бір  сұмдықтың  шетін  шығарып,  нөкеріне  қазан 

әкеліп, оған су толтырып, астына от қоюды бұйырады. 

Қазан  бұрқ-сарқ  қайнаған  кезде  мұсылмандардан  екі 

тұтқынға өз діндеріңді тастап, христиан дініне өтіңдер 

деген талабын қайталайды.                                                                                                                                       

        Олар патшаның талабынан үзілді-кесілді бас тар-

тады. Патшаның жендеттері мұсылмандардың біреуін 

қайнап жатқан суға тастап жібереді. Патша Абдуллаһты 

да қайнап тұрған суға тастауды бұйырады. Абдуллаһтың 

көзіне мөлтілдеп жас келеді. Патшаға оның жылағанын 

жеткізгенде, билеуші оның бұл қылығын басқаша жо-

рып:  «Оны  алдыма  алып  келіңдер»,  –  деп  бұйырады. 

Жазған  құлда  шаршау  жоқ,  жаланып  тұрған  жендет-

тер  Абдуллаһты  патшаның  алдына  дедектетіп  алып 

келеді. Патша оған соңғы мүмкіндік беріліп тұрғанын, 

осы  мүмкіндікті  пайдаланып,  христиандыққа  өтуін 

ұсынады. Алайда, Абдуллаһ бұл жолы да буынсыз жер-

ге пышақ ұрған патшаның ұсынысын елемей қояды. Ал-

дына келген тұтқынды қорқытып ықтыра алмаған пат-

ша: «Онда неге жыладың?» – деп сұрағанда, Абдуллаһ: 

«Іштей «Абдуллаһ, қазір мына қайнаған қара қазандағы 

суға түсесің. Бақ етуге де шамаң келмей, демің үзіледі. 

Әттең,  денемде  қанша  түк  бар,  соншама  жаным  бо-

лып,  соның  барлығын  Аллаһ  жолында  дәл  осындай 

қазандағы  қайнаған  суда  күйіп-пісіп  пида  етсем»  деп 

армандадым», – дейді. 



279

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

Абдуллаһтың  қайсарлығына  тәнті  болып,  амалы 

таусылған  патша:  «Егер  басымнан  сүйсең,  сені  боса-

тамын»,  –  дейді.  Абдуллаһ:  «Егер  тұтқында  отырған 

барлық мұсылманды босататын болсаң ғана басыңнан 

сүйемін»,  –  дейді.  Патша  айтқанына  келісіп,  өзге 

тұтқындарды еркіне жіберетініне сөз береді. 

Абдуллаһ бұл оқиғаның қалай аяқталғанын былай 

жеткізеді: Ішімнен: «Бұл – Аллаһ дұшпандарының бірі. 

Сөйтсе де оның басынан сүйіп, басқа мұсылмандарды 

да босатып алсам үлкен олжа. Бұдан маған не зиян келер 

дейсің» деп ойлап, патшаның басынан сүйдім» – дейді. 

Осылайша,  қалған  тұтқындағы  мұсылмандарды 

жаудың шеңгелінен азат етеді. Олар Мәдинаға дін аман 

оралады.  Бұл  жағдай  Омардың  (р.а.)  құлағына  тиісі-

мен, ол «Осы ерлігі үшін әр мұсылман Абдуллаһ ибн 

Хузафаның басынан сүюі керек», – дейді. Алдымен өзі 

үлгі көрсетіп, Абдуллаһты басынан сүйеді»

256

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет