Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу Зәрр – Пайғамбарымызға



Pdf көрінісі
бет158/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу Зәрр – Пайғамбарымызға 

мұсылманша сәлем берген тұңғыш кісі  

Әбу Зәррдің Исламға қалай кіргені Мүслимнің кел-

тірген хадис жинағында да егжей-тегжейлі баяндалған: 

«Бірде  менің  бауырым  Меккеге  сапар  шекті.  Қайтып 

оралған  соң,  маған:  «Меккеде  елдің  аузынан  түспей 

жүрген әлде бір адамды көрдім. Былайғы ел оны діні-

нен безген» деп жүр. Өзі саған ұқсайды екен», – деді. 

Мына  жаңалықтан  дегбірім  қашып,  тағат  тауып  оты-

ра  алмадым.  Буынып-түйініп  Меккені  бетке  алдым. 

Шаһарға  кірмей  жатып,  көшеден  әлдекімнің  дінінен 

шыққан адамды сөз етіп тұрғанын кездейсоқ құлағым 

шалып қалды. Тұсына тоқтап «Сен айтып тұрған, діні-

нен шыққан адамды қайдан табуға болады?» – деп жөн 

сұрадым.  Ол  неге  екені  белгісіз,  артық-ауыс  өрескел 

бірдеңе айтып қойғанымдай маған сезіктене қарап, бар 

даусымен:  «Міне, дінін сатқан опасыз!» – деп айқайлады. 

Сол-ақ екен үстіме тас жауып кетті. Қып-қызыл қанға 

252


 Бұхари, Сахих 3/ 1401 (3648)


274

Сахабалар салған сара жол

боялдым.  Әйтеуір  үйтіп-бүйтіп  қашып  шықтым. 

Қағбаның  жабуының  артына  тығылып,  сол  жерден 

тырп етпей, жарты ай уақыт жасырындым. Зәмзәм суы-

нан  басқа  қорегім  де  жоқ.  Содан  бір  күні  Расулаллаһ 

пен Әбу Бәкірдің Харам мешітіне кіргенін көрдім. Оған 

«Әссәләму  аләйкә,  уа,  расулаллаһ!»  деп  мұсылманша 

сәлем  бердім.  «Уә  аләйкәссәләму  уә  рахматуллаһ»,  – 

деп сәлемімді алып, менен: «Сен кімсің?» – деп сұрады. 

«Ғифарұлдарынанмын», – дедім мен. Әбу Бәкір (р.а.): 

«Уа, Расулаллаһ, маған рұқсат етсеңіз, бүгін оны қонақ 

етейін», – деді. Әбу Бәкір (р.а.) мені Меккенің төменгі 

аудандарының бірінде орналасқан үйіне ертіп апарып, 

кепкен мейіз ұсынды.

Ауылыма қайтып оралған соң бауырыма мұсылман 

болғанымды  айттым.  Бауырым  да  «Олай  болса,  мен 

де  сенің  дініңе  кіремін»,  –  деп,  мұсылмандықты 

қабылдады. Сосын екеуміз анамызға Ислам дініне кір-

генімізді жайып салдық, ол да мұсылман болды Анам 

мен  бауырымның  Исламды  қабылдағанына  қатты 

қуанып,  қауымымды  Исламға  шақырдым.  Олардың 

бірталайы мұсылмандықты қабылдады

253





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет