Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет184/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

9. АллАһ ЖолындА үРЕйлЕну

Сахабалардың  Хандақ  соғысында  аштыққа, 

қорқыныш мен суыққа төзуі

Хузайфаның 

(р.а.)

 немере інісі Абдулазиз айтады: 



«Көкем  Хузайфа 

(р.а.)


  Аллаһ  расулымен 

(с.а.с.)


  бірге 

болған  жорықтары  туралы  айтқанда,  оның  әңгімесіне 

құлақ  түріп  отырғандар:  «Уаллаһи,  біз  сол  соғысқа 

302


 Әбу Дәуіт, Сүнән 2/442 (4033)

303


 Мүнзири, әт-Тәрғиб 4/111 (5016)

304


 Бұхари, Сахих 2/ 926 (2485)


302

Сахабалар салған сара жол

қатысқанда ғой, былайша істер едік», – дейді. Хузайфа 

(р.а.) «Олай демеңдер. Уаллаһи, Хандақ шайқасындағы 

түндер әлі күнге есімде. Сапқа тізіліп отырған едік. Әбу 

Суфиян бастаған жаудың қолы алдыңғы жағымыздан, 

ал  Құрайза  яһудилері  артқы  жағымыздан  қамады. 

Артта  қалған  бала-шағаны  ойлап,  жаудың  кесірі  тие 

ме деп қатты алаңдадық. Өмірімізде сол күнгідей тас 

қараңғы  әрі  боранды  түнді  көрген  емеспіз.  Азынаған 

боранның үні құлағымызды шыңылдатты. Көзге түртсе 

көргісіз  қараңғылықтан  алға  созған  өз  қолымызды 

өзіміз  көре  алмаймыз.  Жаны  қысылған  мұнафықтар 

Пайғамбарымыздан  «Үйіміз  қараусыз,  қорғаусыз 

қалды»  деп  әр  нәрсені  сылтауратып,  кері  қайтуға 

рұқсат сұрай бастады. Шындығында, үйлері қараусыз 

қалмаған  болатын.  Аллаһ  расулы  кері  қайтқысы  кел-

ген мұнафықтардың жолын бөгемеді. Ақыры кететін-

дері кетіп тынды. Үш жүздей адам қалдық. Қатарымыз 

азайған сайын Пайғамбарымыз әрбіреуімізге жете на-

зар  аударып,  жіті  қадағалай  бастады.  Менің  иінімде 

әйелімнің қолынан шыққан, тізеден аспайтын жүннен 

тоқылған  киімнен  басқа  қамсау  жоқ  еді.  Аллаһ  расу-

лы жаныма келгенде, тісім-тісіме тимей екі бүктетіліп, 

тізерлеп отырған едім. «Сен кімсің? Атың кім?» – деп 

сұрады. «Хузайфа», – деп жауап бердім. «Хузайфа!» – 

деп  қайталады  ол.  Мен  еріксіз  орнымнан  тұрып:  «Не 

бұйырасыз,  уа,  Расулаллаһ?»  –  дедім.  Аллаһ  расулы: 

«Жау жақтан келіп жатқан хабарлардың дені әр түрлі. 

Қайсысына  сенеріңді  білмейсің,  маған  нақты  мәлімет 

керек», – деді».

Сарбаздардың  ішінде  шыбық  тимей  жатып  шыр 

етер су жүрек қорқағы да, тоңғағы да мен едім. Сон-

да  да  жолға  шықтым.  Пайғамбарымыз  мен  үшін: 



303

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

«Аллаһ  тағалам!  Оны  үстінен,  астынан,  оң  жағынан, 

сол  жағынан,  алдынан,  артынан  келетін  қауіп-қатер, 

бәле-жаладан  қорға»,  –  деп  дұға  етті.  Уаллаһи,  оның 

дұғасынан  кейін  Раббым  ішімдегі  үрейімді  сейілтіп, 

бойыма қуат берді. Пайғамбарымыз мені аттандырып 

тұрып:  «Хузайфа!  Менің  қасыма  қайтып  оралғанша, 

асығыс әрекетке барып, ши шығарып жүрме», – деп ес-

кертті. 

Ақырын жүріп, анық басып дұшпанның ордасына 

жақындадым. Желдің екпінімен ұйытқи лаулаған оттың 

жарығымен  қараң-құраң  еткен  мүшріктерді  бақылай 

бастадым.  Мына  суықтан  мүшріктердің  қолын  отқа 

жылытып, сонсоң бүйірін таянып: «Кері қайтайық», – 

деп күбірлеп отырған ірі денелі біреуге назарым ауды. 

Әбу Суфиянды бұрын-соңды көрмесем де, ішкі түйсігім 

оның  сол  адам  екенін  айтып  тұрды.  Отырған  жерін-

де  жайратып  тастағым  келді.  Ұшы  жалтылдаған  же-

бемді сайладым. Сол кезде Пайғамбарымыздың ескер-

туі есіме түсті де, өз-өзімді тежедім. Сосын бойымды 

батылдық билеп, мүшріктердің қалың ортасына дейін 

бардым. Алдымен көргенім Амирұлдары болды. Олар 

бір-біріне: «Әй, Амирұлдары, кері қайтыңдар, енді бұл 

жерде тұруға болмайды», – деп жатыр екен. Ызғарлы 

жел тек солардың қолы тұрған жерде ғана борап тұрған 

еді.  Дауыл  ұшырған  тастардың  әлденеге  соқтығысып 

тарсылдаған даусын естідім. Дереу келген ізіммен кері 

қайттым.  Жолдың  жарымын  еңсергенде,  бастарына 

сәлде ораған жиырма шақты атты әскерді кезіктірдім. 

Олар: «Жолдасыңа айта бар, Аллаһ оған көмек жібер-

ді», – деді. Қайтып оралғанымда, Пайғамбарымыздың 

бір жамылғыны қымтанып, намаз оқып отырған үстінен 

түстім. Аллаһқа ант етейін, қайтып келер-келмес бойым-



304

Сахабалар салған сара жол

ды қайта үрей билеп, тоңа бастадым. Аллаһ расулы на-

маз  оқып  тұрып,  қолымен  ымдады.  Жақындағанымда 

жамылғысын менің үстіме жапты. Пайғамбарымыздың 

аса маңызды немесе қиын жағдайларда намаз оқитын 

әдетін жақсы білетінмін. Оған көрген-білгенімді айтып 

бердім».  

Хузайфа 


(р.а.)

 айтады: «Осы оқиғаға қатысты Хақ 

тағала мынадай аятты түсірді:

«Ей,  иман  келтіргендер!  Аллаһтың  берген 

нығметтерін  естеріңе  түсіріңдер.  Күш  біріктірген 

жаудың  қолы  сендерге  жорыққа  шықты.  Біз  оларға 

қарсы  дауыл  тұрғызып,  сендер  көре  алмайтын  әскер 

жіберген едік. Аллаһ жасаған барлық істеріңді көреді. 

Ол кезде олар алдыңғы және артқы жақтарыңнан кел-

ген еді. Көздерің бақырайып, жүректерің ауыздарыңа 

тығылған  еді.  Сендердің  де  имандарың  толқын 

соққан қайықтай шайқалақтап, түрлі-түрлі ойға бой 

алдырдыңдар. Міне, сол жерде мүміндер ауыр сынаққа 

тартылып,  сарсаңға  түскен  еді.  Мұнафықтар  мен 

жүрегін күмән билегендер: «Аллаһ пен расулының бізге 

жеңісті тек бізді алдау үшін уәде еткен екен ғой», – деді. 

Кейбіреуі:  «Ей,  Йәсрибтіктер!  Бұл  жерде  дұшпанға 

қарсы тұра алмасаңдар, үйлеріңе қайтыңдар», – деді. 

Басқа  біреулері:  «Үйіміз  қараусыз  және  қорғаусыз 

қалды», – деп майдан шебінен кеткенше асықты. Алай-

да, олардың үйлеріне қауіп төнген жоқ еді, олар тек 

шайқастан қорқып, сытылып кетудің сылтауын ізде-

ді» (Ахзап, 33/9-13)

305


.

305


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/114


305

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет