Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет186/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Т

өрТінші

 

Бөлім

һИЖреТ

Сахабалар  енді  қайтып  оралмайтынын  біле  тұра 

атақонысын қалай қиып тастап кетті? Кір жуып, кіндік 

кескен жерден кетуіне не түрткі болды? Аллаһ жолында 

дүние-мүлкін қалай жұмсады? Дінді сақтау мақсатында 

бір  жерден  екінші  жерге  қалай  көшті?  Сахабалардың 

осынау жанкештігі олар құдды ақырет үшін, ал дүние 

солар үшін жаратылғандай әсер қалдырады.



1. АллАһ РАСулы МЕн Әбу бӘКІРдІң 

һиЖРЕТІ

Құрайыш бетке тұтарларының 

Пайғамбарымызға қастандық жасау үшін 

жиналуы

Уруа


 (р.а.)

 айтады: «Хазірет Мұхаммед (с.а.с.)  өзінің 

пайғамбарлық қызметінің 13-жылының соңына қарай, 

қажылықтан  кейінгі  мухаррам  және  сафар  айларында 

Меккеде  болды.  Осы  аралықта  Құрайыш  мүшріктері 

Аллаһ расулының Меккеден кететінін, Мәдинаны пана-

лап, бекініс еткенін естіді. Мәдиналықтардың Исламға 

кіргенінен,  басқа  мұсылмандардың  да  сол  жаққа 

көшкенінен  құлағдар  болады.    Расулаллаһқа  өшіккен 

мүшріктер оның көзін жоймақ болды. Екі әлем сарда-

рын өлтіру, қамауға алу, я болмаса Меккеден аластау 



308

Сахабалар салған сара жол

– осы үшеуінің біреуіне тоқтап, нақты әрекетке көшу 

үшін бас қосады. Хақ тағала олардың қандай қастандық 

ұйымдастырғанын Пайғамбарымызға былай білдіреді:



«Бірде кәпірлер сенің аяқ-қолыңды байлап зынданға 

тастасақ па, әлде өлтірсек пе, не болмаса елден қусақ 

па деп, жоспар құрды. Олар тұзақ құра берсін, Аллаһ 

та тұзақ құрды. Аллаһ тұзақ құрғандардың ең күштісі» 

(Әнфал, 8/30).

Расулаллаһ 

(с.а.с.)


 Әбу Бәкірдің 

(р.а.)


 үйінен қайтып 

келе жатқан түні мүшріктердің өзін ұстауға дайында-

лып жатқаны туралы хабар алады да, Әбу Бәкір екеуі 

түн  жамылып,  Сәур  тауындағы  үңгірді  бетке  алады. 

Құранда «Тәубе» сүресінің 40-аятында айтылған үңгір 

осы  үңгір  болатын.  Сол  түні  Али 

(р.а.)

  тірі  жанның 



көзіне түспей, Пайғамбарымыздың төсегіне барып жа-

тады. Құрайыш мүшріктері түні бойы нақты бір шешім-

ге  келе  алмайды.  Ертеңгісін  Пайғамбарымыздың  ор-

нын ғана сипап қалады. Алиді қыспаққа алғанымен, ол 

«Білмеймін»  деген  жауабынан  танбайды.  Мүшріктер 

Пайғамбарымыздың  әлдеқашан  Меккеден  қарасын 

батырғанын  түсініп,  атқа  қонады.  Топ-топқа  бөлініп, 

оны іздеуге кіріседі. Құдық басында тұратындарға ха-

бар жіберіп, оны ұстап әкелген адамға мол сыйлық бе-

ретіндіктерін айтады. Көкке ұшқаны, жер жұтқаны бел-

гісіз, екі «қашқынды» таба алмай табанынан таусылған 

мүшріктер,  ақыры,  Пайғамбарымыз  бен  Әбу  Бәкір 

жасырынған үңгірдің дәл қасына келеді. Аллаһ расулы 

олардың аяқ сыбдырын естиді. Әбу Бәкір де қара тер 

басып қатты сасады. Пайғамбарымыз оған: «Уайымда-

ма! Аллаһ бізбен бірге», – дейді. Пайғамбарымыздың 

дұғасымен  Аллаһ  тағала  Әбу  Бәкірге  (р.а.)  сабыр  бе-

реді. Құранда былай делінеді: 




309

Һижрет

«Кәпірлер оны Меккеден қуғындағанда, екі кісінің 

бірі  жолдасына:  «Сен  еш  алаңдама,  өйткені  Аллаһ 

бізбен  бірге»,  –  деді.  Сонда  Аллаһ  оның  жүрегіне 

сабырлылық,  сенімділік  ұялатып,  сендер  көрмейтін 

әскермен  қолдау  көрсетті.  Кәпірлерді  әлсіретті. 

Аллаһтың діні – ұлы дін. Өйткені Аллаһ өте үстем, аса 

құдіретті» (Тәубе, 8/40).

Әбу Бәкір өзіне сенімді мұсылман Амир ибн Фухай-

ра арқылы Абд ибн Адыйұлдары тайпасынан шыққан 

Ибн  Әйкатты    жалдайды.  Ол  Құрайыштарға  жақтас 

мүшріктердің бірі еді. Бірақ осы өңірдің ой-шұңқырын 

бес саусағындай білетін.

Ел  көзінен  таса  Сәур  тауындағы  үңгірге  ба-

рып  жасырынған,  сырт  дүниеден  оқшау  қалған 

Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


  бен  досына  Әбу  Бәкірдің  ұлы 

Абдуллаһ түн қараңғылығын пайдаланып, Меккеде бо-

лып жатқан жайттарды жеткізіп тұрды. Амир ибн Фу-

хайра үңгірдің маңына қойын жайып, түн баласы сүтін 

сауып, Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкірді аш қалдырмады. 

Мейлінше  сақ  қимылдайтын  Амир  елең-алаңда  өзге 

шопандардың  қасынан  табылып,  секем  тудыратын 

артық әрекетке бармады. Ел іші тыншыды-ау дегенде, 

Амир ибн Фухайра мен Ибн Әйкат үңгірде екі күн, екі 

түн болған Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

 бен Әбу Бәкірді (р.а.) 

бастап жолға шығады. Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


 бен Әбу 

Бәкір  һижрет  еткенде,  олардың  қастарында  өздеріне 

Мәдинаға жеткенше қызмет көрсеткен Амир ибн Фу-

хайра мен жол бастаған Ибн Әйкаттан басқа ешкім бол-

мады

308


.

308


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 6/63 (9902)


310

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет