Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 оМАР МЕн бАСҚА САхАбАлАРдың



Pdf көрінісі
бет193/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

2. оМАР МЕн бАСҚА САхАбАлАРдың 

һиЖРЕТІ

Меккеден Мәдинаға алғаш һижрет 

еткендер

Бәра  ибн  Азиб 

(р.а.)

  былай  деген:  «Сахабалардан 



бізге  алғаш  келгендер  Мусғаб  ибн  Умәйр  мен  Ибн 

Уммі Мәктум 

(р.а.)

 болатын. Олар бізге Құран үйретті. 



Сосын  Аммар,  Біләл  және  Сағыд 

(р.а.)


  келді.  Одан  соң 

жиырма  адамдық  керуенмен  Омар  ибн  Хаттаб 

(р.а.)

  ат 


басын тіреді. Одан кейін Пайғамбарымыздың өзі келді. 

Мәдиналықтар оның келгеніне айрықша қуанды. Аллаһ 

расулы Мәдинаға келмей тұрып-ақ, мен «Ағла» сүресін 

және басқа да қысқа сүрелерді оқыған болатынмын»

316

.

Омар 



(р.а.)

 айтады: «Мәдинаға һижрет етуге шешім 

қабылданғаннан кейін, мен, Айяш ибн Әбу Рабиа және 

Хишам ибн Ас – үшеуміз Шәрифтегі Ғыфарұлдарының 

хауызы орналасқан жерде кездесетін болып, «Таңертең 

кімде-кім уәделі уақытта келмесе, қалғандарымыз жүре 

береміз» деп уағдаластық. Ертесіне Айяш екеуміз уәделі 

жерге  келдік,  бірақ  Хишам  келмей  қалды.  Біз  әуелі 

Мәдинаға, содан соң Құбада Амр ибн Ауфұлдарының 

жеріне тоқтадық. Осы арада Әбу Жәһіл мен Харис ибн 

Хишам бауырлары Айяшты кері алып кетуге Мәдинаға 

келді.  Ол  кезде  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

  әлі  Меккеде 

болатын.  Олар  Айяшпен  сөйлесіп,  «Анасының  оны 

көрмейінше,  шашын  тарамауға,  көлеңкеге  жоламай, 

күн астында отыруға ант еткенін» айтты. Айяш анасын 

ойлап,  уайымдай  бастады.  Сонда  «Уаллаһи,  олардың 

мақсаты  сені  дініңнен  тайдыру,  абай  бол!  Уаллаһи, 

анаң  шашын  да  тарайды,  Меккенің  ыстығына  шыдай 

316

 Ибн Әбу Шәйба, Мусаннаф 7/344 (36611)




320

Сахабалар салған сара жол

алмай,  көлеңкені  де  паналайды.  Мен  айтты  дерсің, 

осылай болады», – дедім. Айяш: «Бір жағы, анамның 

ашуын  басып,  антынан  бас  тартқызамын,  екіншіден, 

сонда қалған малым бар, соларды алып келейін», – деді. 

Мен оған: «Уаллаһи, Құрайыштардың ішінде ең малы 

көп мен екенімді білесің. Дәулетімнің жартысы сенікі 

болсын, бірақ олармен бірге барушы болма», – дедім. 

Оның  тас-түйін  бекінген  түрін  көріп:  «Бұл  райыңнан 

бас  тартпайтын  болсаң,  мына  түйемді  ал.  Жуас  әрі 

тұқымы  асыл.  Қаласаң  мін,  қаласаң  мінбе.  Алайда, 

олардан  күмәнданатындай  жағдай  туса,  осымен  жан 

сақтарсың», – дедім.

Олар  Мәдинадан  ұзап  шыққан  соң,  Әбу  Жәһіл 

Айяшқа:  «Бауырым,  менің  түйем  болдырған  секілді, 

ауыстырып  мінейік»,  –  дейді.  Айяш  та,  басқалары  да 

түйелерін  шөктіреді.  Осы  сәтті  пайдаланып  оны  тар-

па бас салып,  байлап тастайды. Сөйтіп, Меккеге алып 

барып, дінінен тайдырады. Біз: «Аллаһ тағала дінінен 

шыққан  адамның  тәубесін  қабылдамайды»,  –  деп  ой-

лайтынбыз. Діннен шыққандар да сондай пікірде бола-

тын.  Пайғамбарымыз  Мәдинаға  барғанда,  Хақ  тағала 

мына  мағынадағы  «Зүмәр»  сүресінің  53-55-аяттарын 

түсірді:


«Әй,  көп  күнә  істеп,  өздеріне  өздері  жамандық 

жасауда алдарына жан салмаған құлдарым! Аллаһтың 

рақымынан  күдер  үзбеңдер.  Аллаһ  қаласа,  барлық 

күнәларды  кешіреді.  Өйткені  Ол  өте  кешірімді  әрі 

аса  мейірімді»  де.  Сендерге  азап  келмей  тұрып, 

Раббыларыңа  оралыңдар  және  Оған  беріліңдер,  Оған 

бағыныңдар.  Әйтпесе  көмек  көрмейсіңдер.  Сендерге 

азап оқыстан келіп күйретпестен бұрын, Раббыларың 


321

Һижрет

тарапынан  сендерге  жіберілген  үкімдердің  ең  жақ-

сысына мойынсұныңдар».

Мен дереу осы аяттарды хатқа түсіріп, Хишам ибн 

Асқа жібердім».

Ал,  Хишам  былай  дейді:  «Хатты  алғаннан  кейін, 

оны Зитууада отырып, көз жүгіртіп оқи бастадым. Бірақ 

хаттың  мазмұнын  түсіне  алмай  қиналдым.  «Аллаһ 

тағалам!  Мына  жазылғандардың  мән-мағынасын 

түсіндіре  гөр»  деп  дұға  еттім.  Сонда  Хақ  тағала  осы 

аяттардың  тәубелеріміздің  қабылданбайтынын  айтып 

жүрген  бізге  және  біз  сияқтыларға  қатысты  жіберіл-

генін сездірді. Бір сәт кідірмей, Мәдинаға тартып оты-

рып, Пайғамбарымызға 

(с.а.с.)

 барып қосылдым»

317

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет