3. оСМАн ибн АФФАнның һиЖРЕТІ
Қатада
(р.а.)
айтады: «Өз жанұясымен бірге Аллаһ
жолында алғаш һижрет еткендердің бірі – Осман ибн
Аффан. Надыр ибн Әнәс әкесі Әнәстің былай дегенін
естіпті:
«Осман ибн Аффан мен әйелі Рұқия Хабашстанды
бетке алып, жолға шығады. Аллаһ расулы олар жөнінде
ешбір хабар-ошар ала алмай, ошарылып тек күтумен
болды. Содан бір күні Құрайыш әйелдерінің бірі: «Уа,
Мұхаммед! Күйеу балаңды көрдім, әйелі де қасында
екен», – дейді. Пайғамбарымыз: «Жағдайлары қалай
екен?», – деп сұрағанда, «Әйелін аяғын әрең басатын
әлсіз есекке мінгізіпті, өзі есекті жетекке алып жаяу
келе жатыр», – дейді. Аллаһ расулы: «Хақ тағала екеуі-
не де жар болсын. Осман Лұттан (а.с.) кейінгі отбасы-
мен һижрет еткен алғашқы мұсылман», – дейді
318
.
317
Ибн Хажар, әл-Исабә 3/604
318
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/66 Ибн Хажар, әл-Исабә 4/305
322
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |