378
Сахабалар салған сара жол
оны тыңдаңдар, айтқанына бағыныңдар. Жақсылық пен
ізгілікті іздеуде мен Аллаһқа, расулына, дініме, өзіме
және сендерге қиянат жасамауға тырыстым. Егер ол
әділетпен басқарса, нұр үстіне нұр. Бұған сенімім мол.
Егер ол бағытынан жаңылса, біліңдер, әркім өз жасаған
күнәсі үшін жауапқа тартылады. Мен қолымнан кел-
генше, жақсылықты іздеуге тырыстым, ал ғайып бір
Жаратқанның қолында».
Әбу Бәкір
(р.а.)
өсиетін «Шұғара» сүресінің 227-ая-
тымен аяқтады:
«Ол зұлымдық жасаушылар жақында
қандай төңкеріспен есеңгірейтіндерін біледі!»
Уәссәләму алейкум уә рахматулла». Әбу Бәкір
(р.а.)
өсиеті жазылғаннан кейін, оны мөрлеуді де тапсыр-
ды
376
.
Достарыңызбен бөлісу: