Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


ЕлгЕ бАСшы САйлАудың КЕңЕС



Pdf көрінісі
бет239/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

5. ЕлгЕ бАСшы САйлАудың КЕңЕС 

АРҚылы ЖүЗЕгЕ АСыРылуы

омардың қастандыққа ұшырауына байла-

нысты халифалық мәселесін алты адамға 

тапсыруы

Ибн Омар 

(р.а.)

 айтады: «Әбу Лулу хазірет Омар-



ды  екі  жерінен  қанжармен  ауыр  жарақаттайды.  Омар 

осы  оқиғадан  соң  «білместікпен  халыққа  қиянат  жа-

сап қойған жоқ па екенмін» деп уайымдап, дереу Ибн 

Аббасты шақыртады. Әкем Омар Ибн Аббасты жақсы 

көретін,  оны  өзіне  жақын  тұтып,  сөздеріне  әрдайым 

құлақ  асатын.  Оған:  «Бұл  істің  мәнісін  білгім  келеді, 

бұл арнайы топтың ісі ме? Осыны біліп берші», – деп 

өтінеді. Ибн Аббас көше-көшені аралап, елдің аңысын 

аңдайды.  Қайда  барса  да,  халықтың  қайғырып,  қан 

жұтып жатқанын көреді. Көреді де: «Уа, мүміндердің 

әмірі!  Қайда  барсам  да,  олар  сен  үшін  шаранасынан 

айырылған кейуанадай егілуде», – дейді. Омар: «Мақұл, 

сонда  маған  қастандық  жасаған  кім  болды  екен?»  – 

деп  сұрайды.  Оны  жасаған  Муғира  ибн  Шұғбаның 

құлы,  мәжуси  (отқа  табынушы)  Әбу  Лулу  екені  ай-

тылады.  Ибн  Аббас  айтады:  «Мұны  естіген  Омар 

қуанды. «Маған «Лә иләһә илләллаһ» деген мұсылман 

қастандық жасамағаны үшін, Аллаһқа мадақ айтамын», 

– деп, Аллаһқа шүкіршілік айтады. Сосын: «Тұтқынға 

377


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/877 (14178)


380

Сахабалар салған сара жол

түскен  араб  емес  кәпірлерді  Мәдинға  әкелмеңдер 

деп  тыйым  салған  едім,  алайда  айтқандарыма  құлақ 

аспадыңдар. Маған енді бауырларымды шақырыңдар», 

– деп бұйырады. «Бауырларың кімдер?» – деп сұрағанда 

«Осман,  Али,  Талха,  Зубәйр,  Абдуррахман  ибн  Ауф 

және Сағыд ибн Әбу Уаққас» дейді ол. Сөйтті де ба-

сын  кеудеме  қойды.  Омар  жанына  келген  алтауына: 

«Мұсылмандарды кім және қандай адам басқаруы тиіс 

деп көп ойландым. Сендерді халықтың көшбасшылары 

және жетекшілері деп санаймын. Бұл міндетті абырой-

мен  атқару  сендердің  ғана  қолдарыңнан  келеді.  Сен-

дер  әділетті  болсаңдар,  халықтың  да  ісі  оңғарылады. 

Егер бір келіспеушілік орын алатын болса, біліңдер, ол 

сендердің алауыздықтарыңның кесірі», –  деді. 

«Әкемнің аузынан «Келіспеушілік, алауыздық» де-

ген сөздерді естіген кезде, олар міндетті түрде орын ала-

тын шығар деп ойладым. Өйткені оның болашақ туралы 

айтқандарының  бәрінің  дәл  келетінін  байқайтынмын. 

Сол  кезде  әкемнің  жарасынан  қан  тоқтамай  аға  бас-

тады.  Келгендер  өзара  сыбырласып  сөйлесе  бастады. 

Араларынан біреуіне серт бере ме деп алаңдап өз-өзіме 

«Мүміндердің  әміршісі  әлі  тірі,  бір  жерде  екі  халифа 

болмайды» дедім. 

Омар:  «Мені  тұрғызыңдар»,  –  деді.  Оны 

сүйемелдеп  тұрғызған  болдық.  Ол  келгендерге:  «Үш 

күн  ақылдасыңдар.  Осы  уақыт  ішінде  жамағатқа  на-

мазды  Сухәйб  оқытсын»,  –  деді.  «Уа,  мүміндердің 

әміршісі, кіммен ақылдасамыз?» – деп сұрағандарында, 

Омар  «Мұһажырлармен,  ансарлармен,  осы  жердегі 

қолбасшылармен  кеңесіңдер»,  –  дейді.  Сосын  Омар 

сүт  сұрады.  Әкелген  сүттен  ішкен  кезде,  сүт  екі  жа-

расынан  да  сол  күйі  сыртқа  ағып  кетті.  Өзінің  мына 



381

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

дүниенің адамы емес екенін түсініп «Күллі дүние менің 

иелігімде болса, қиямет күнінің азабынан құтылу үшін 

соның  барлығын  ойланбай  тәрк  етер  едім.  Аллаһқа 

шүкіршілік, менің осы жағдайым да өзім үшін қайырлы 

деп білемін», – деді. 

Ибн  Аббас:  «Сен  не  десең  де  жарасады,  өйткені 

мұсылмандар  Меккеде  үрей  ішінде  өмір  сүрген  кез-

де, Аллаһ расулы осы дінді және мұсылмандарды сен 

арқылы  қуаттап-қолдауы  үшін  Аллаһқа  дұға  еткен 

жоқ  па?  Сенің  Исламға  кіруіңмен  Исламға  күш  бітті. 

Аллаһ расулы мен сахабалары Исламды сенің арқаңда 

ашық  насихаттай  бастады.  Мәдинаға  һижретің  ерлік-

пен  пара-пар  іс  болды.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәллам)

  қатысқан  соғыстардың  ешқайсысынан  шет 

қалмадың,  Пайғамбарымыз  дүние  салардан  бұрын 

саған  ризашылығын  білдіріп  кетті.  Аллаһ  расулы-

нан  кейін  оның  жолындағы  Әбу  Бәкірге  де  қолдау 

көрсеттің.  Мұсылмандармен  бірге  мүртәдтарға  (дін-

нен  шыққандар)  қарсы  жан  аямай  шайқастың.  Сана-

сынан күдік арылмай  жүргендердің де Исламға кіруі-

не  себепші  болдың.  Аллаһ  расулының  халифасы  Әбу 

Бәкір де қайтыс болған кезінде саған риза болып кет-

ті.  Одан  кейін  елді  жақсы  басқара  білдің.  Аллаһ  сені 

жаңа  қалалардың  бой  көтеруіне  себепкер  етті.  Сенің 

тұсыңда  ел  тарықпай,  еңсесін  тіктеді.  Исламға  қаны 

қас қаскүнемдердің қылтасы қиылып, мысы басылды. 

Мұсылмандар  еркін  құлшылық  ететін  болды.  Аллаһ 

сенің  өміріңді  шейіттікпен  мөрледі.  Шейіттігің  құтты 

болсын, уа, Омар!» – деді.

Омар 

(р.а.):


  «Уаллаһи,  сендердің  мынадай 

сөздеріңнен  соң  масайрап  кетермін»,  –  дейді  де,  Ибн 

Аббасқа  қарап:  «Уа,  Абдуллаһ!  Қиямет  күні  Аллаһ 



382

Сахабалар салған сара жол

құзырында  маған  куәгер  боласың  ба?»  –  деп  сұрады. 

Ибн Аббас «Иә» деді. Сосын Ибн Омарға: «Абдуллаһ 

ибн Омар, мені жатқыз», – деді. Ибн Омар хазірет Омар-

ды абайлап жатқызады. Омар өз-өзіне: «Ей, Омар! Егер 

сені Аллаһ кешірмесе, жағдайың қандай қиын!» – деді. 

Сонан соң сәл жатты да, көз жұмды. 

Сахабалар  Омардың 

(р.а.)

  қайтыс  болғаны 



жөнінде  Абдуллаһ  ибн  Омарға  хабар  жіберіп, 

оны  кеңеске  шақырды.  Абдуллаһ:  «Әкемнің 

айтқанындай  мұһажырлар,  ансарлар  және  осы  жерде-

гі қолбасшылармен кеңеспесеңдер, сендерге аттап аяқ 

баспаймын», – деп жауап жібереді

378


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет