Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


имранның әкесі хұсайынның



Pdf көрінісі
бет27/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

имранның әкесі хұсайынның 

мұсылман болуы

Құрайыштар  өздері  құрмет  тұтатын  Хұсайынға 

барып: «Бұл адаммен біздің атымыздан сіз сөйлесіңіз. 

Кейінгі  кездері  біздің  тәңірлерімізді  қорлап  жүр», 

–  деп,  Хұсайынды  ертіп,  Расулаллаһқа 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

    барады.  Олардың  қарасы  көп  болатын. 

Пайғамбарымыз:  «Үлкенге  жол  беріңдер»,  –  дейді. 

Хұсайын:  «Тәңірлерімізді  қорлап,  оларға  тіл  тигі-

зетін көрінесің. Алайда сенің әкең ақылды адам бола-

тын,  діні  мен  дәстүрін  ұстанатын  еді.  Ал  сенің  мына 

сөздеріңнің  мәнісі  неде?»,  –  деп  сұрайды.  Екі  жиһан 

сардары 


(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Ей, Хұсайын! Менің әкем 

де,  сенің  әкең  де  екеуі  де  қазір  отта

78

.  Айтшы,  өзің 



қанша  тәңірге  табынасың?»  –  дейді.  Хұсайын:  «Сегіз 

тәңірге  сыйынамын.  Олардың  жетеуі  жерде,  біреуі 

77

  Ибн Хажар, әл- Исабә 2/210; Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/36



78

  Түсіндірме:  Ғалымдар  арасында  Иса  (а.с.)  мен  Мұхаммед 

пайғамбарымызға  (с.а.с.)  дейінгі  аралықта  (фәтрат  кезеңі) 

өмір  сүргендер  қандайда  бір  пұтты  құдай  көріп  сиынбаған 

болса,  Аллаһқа  сенбесе  де  ақыретте  кешірілетіндігі  жайлы 

ортақ көзқарас бар. Осы себепті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 

әке-шешесі  мен  атасының  да  кешірілетіндігі  күмәнсіз. 

Өйткені олар да жоғарыда айтылған фәтрат кезеңіне жатады. 

Бір  хадисте  Пайғамбарымыз  ата-анасының  қайта  тіріліп, 

өзіне  иман  келтіргенін  айтқан.  Бұл  хадис  әлсіз  болса  да 

мүжәддид деңгейіндегі Имам Суюти оны мойындап, Аллаһ 

елшісінің  (с.а.с.)  әке-шешесінің  иман  еткенін  (ақыретте 

азап  көрмейтіндігін)  айтқан.  (Мухитдин  Акгүл,  99  соруда 

Ефендимиз (с.а.в.), Чағлаян матбаасы, Измир, 2008. 32 б.)   




51

Аллаһ пен расулына шақыру

көкте»,  –  дейді.  Аллаһ  елшісі:  «Басыңа  күн  туғанда, 

қайсысына  сыйынасың,  жердегілерге  ме,  көктегіге 

ме?»  –  деп  сұрағанда,  Хұсайын:  «Көктегіге  сыйына-

мын»,  –  дейді.  Расулаллаһ:  «Малыңа  қауіп  төнгенде, 

қайсысына жалбарынасың?» – деп сұрағанда, Хұсайын 

бұл жолы да: «Көктегіге», – деп жауап береді. Сонда 

Пайғамбарымыз: «Сенің дұғаңды естіп, тілеуіңді бере-

тін  біреуі  ғана  болса,  сен  неге  басқаларын  оған  серік 

етіп қосасың? Жоқ әлде көктегі Тәңірді разы еттім деп 

ойлайсың ба? Жоқ басқалары Оны жеңіп кетеді ғой деп 

қорыққандықтан  осыған  барып  жүрсің  бе?»  –  дейді. 

«Екеуі де емес», – деп жауап береді Хұсайын. 

Хұсайын өмірі бұндай керемет адаммен кездеспе-

ген  еді.  Бұған  анық  көзі  жетті.

 

Пайғамбарымыз  оған: 



«Мұсылман  бол,  сонда  игілікке  кенелесің»,  –  дейді. 

Хұсайын: «Туыстарым мен әулетім бар емес пе, оларға 

не деп айтуды бұйырасыз?» – дейді. 

Ғаламның рақым нұры 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Аллаһ 

тағалам! Тура жолды нәсіп ете гөр. Пайдасы бар ілім 

бер!» деп айт», – дейді. 

Хұсайын осы дұғаны оқыған соң, шамалы кідірді де, 

артынша мұсылман болды. Орнынан тұрған кезде, ба-

ласы Имран әкесінің басынан, қолынан, аяғынан сүйеді. 

Мұны көрген Пайғамбарымыздың көзіне жас үйіріліп: 

«Имранның мына қылығы мені еріксіз толқытты. Әкесі 

алғашында ішке кәпір болып кіргенде, Имран орнынан 

да тұрған жоқ, тіпті ол жаққа бұрылып қарамады да. Ал 

Исламды қабылдағанда, әкеге тиісті құрметті көрсетіп, 

перзенттік міндетін орындады. Осы бір көрініс еріксіз 

көңілімді босатты», – дейді.

Хұсайынның кететін уақыты таяған кезде, Ардақты 

елші  (с.а.с.)  жолдастарына:  «Хұсайынды  шығарып 




52

Сахабалар салған сара жол

салыңдар»,  –  дейді.  Хұсайын  тысқа  шыққанда, 

Құрайыштар: «Хұсайын да дінін тәрік етті», – деп, оны-

мен бір ауыз тіл қатыспай тарап кетеді

79

.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет