Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Адий ибн хатимнің мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет30/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Адий ибн хатимнің мұсылман болуы

Хазірет Мұхаммедтің 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

  пайғамбар 

болғандығы туралы хабар жер-көкке жайылады, алай-

да, бұл Адий ибн Хатимге түрпідей тиеді. Түрпідей ти-

гені сол – дереу грек жеріне қоныс аударады. Мұнымен 

81

  Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 1/323




54

Сахабалар салған сара жол

шектелмей, грек патшасына барып жолығады. Алайда 

ол жақта да байыз таппайды. Әпкесі оған Расулаллаһқа 

жолығуын ұсынады. 

Бұл туралы былай баяндалған:

Адий  ибн  Хатим  Меккеде  Ақраб  деген  жерде 

тұрған кезде, мұсылман жасағы келіп, оның әпкесі мен 

бірнеше адамды тұтқын ретінде Расулаллаһтың алдына 

алып барады. Әпкесі Пайғамбарымызға: «Уа, Аллаһтың 

елшісі! Маған қолғанат болған көмекшім қазір алыста, 

бала-шағам да жоқ. Өзге түгіл өзіне қарауға дәрменсіз 

қартайған әйелмін. Маған бір жақсылық жаса, қарымы 

Құдайдан  қайтсын»,  –  дейді.  Пайғамбарымыз: 

«Көмекшің кім еді?» – деп сұрайды. «Адий ибн Хатим», 

– деп жауап береді әйел. Расулаллаһ (с.а.с.): «Аллаһтан 

және менен қашқан әлгі адам ба?» – деген кезде, әйел 

өз тілегін тағы да қайталап: «Көмекшім жоқ, маған қол 

ұшыңды соз», – деп өтініш білдіреді. 

Осыдан кейін Адий ибн Хатимнің әпкесінің өтініші 

орындалады. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз оған бір 

мініс беріп, еліне қайтарады. 

Әйел  еліне  зор  қуанышпен  қайтады.  Келе  салы-

сымен, Адий ибн Хатимге: «Әкеңнің өзі жүрегі дауа-

ламайтын қылыққа сенің қалай дәтің барды? Қаласаң 

да,  қаламасаң  да,  сол  адамға  міндетті  түрде  бар. 

Барғандардың бәрі де тек жақсылық көруде», – дейді. 

Адий ибн Хатим өз-өзіне: «Сол адамға барсам не 

болар дейсің. Айтқаны өтірік, жүрген бір суайт болса, 

маған зияны тие қоймас. Шыншыл болса, тіпті жақсы, 

ақиқатты  біліп  қайтамын»,  –  деп,  Расулаллаһқа  жол 

тартады. 



55

Аллаһ пен расулына шақыру

Бұл кезде Расулаллаһ (с.а.с.) мешітте отыр еді. Сол 

жердегілер: «Адий ибн Хатим келді! Адий ибн Хатим 

келді!» – деп дауыстады.

Пайғамбарымыздың  алдына  барғанда,  әйел  мен 

балалардың  Пайғамбарымызға  өте  тақау  отырғанын 

көріп,  оның  Иран  мен  Византия  билеушілері  секіл-

ді  емес  екендігін  аңғарады.  Расулаллаһ  оның  ойын 

оқығандай үш рет: «Әй, Адий, мұсылман бол!» – дейді. 

Адий ибн Хатим: – Менің өз сенімім бар, – деп жау-

ап береді. Пайғамбарымыз: – Мен сенің дініңді сенен 

жақсы білемін, – дейді. – Менің дінімді менен жақсы 

білемін дейсің бе? – деп таңданған Адийға Расулаллаһ 

«Иә,  сен  (Христиан  діні  мен  Сабийлік  араласқан 

дін)  рекусия  дінінен  емессің  бе?  Қауымыңның  қолға 

түсірген  олжасының  төрттен  бірін  иеленесің,  солай 

ғой?! – деді. Адий оның сөзін растайды. Аллаһ елшісі 

(с.а.с.):  –  Негізінде,  бұл  сенің  дінің  бойынша  да  адал 

емес, – дейді. Адий ибн Хатим бұл айтылған сөздердің 

ешқайсысына  қарсылық  танытпады.  Пайғамбарымыз 

сөзін жалғастырады: – Сенің Исламға кіруіңе кедергі бо-

лып тұрған себепті білемін. Маған әлеуметтік жағдайы 

төмен, арабтар ысырып тастаған кедей-кепшіктер ерген-

діктен, иман келтірмей отырсың. Хира қаласын білесің 

бе? – Жоқ, ол жерді көрген емеспін, бірақ естуім бар, 

– дейді Адий ибн Хатим. – Аллаһқа ант етемін, Аллаһ 

бұл дінді кемеліне келтіреді. Тіпті сондай бір күн туады: 

түйесіне мінген әйел жалғыз өзі қауіптенбей Хирадан 

(Куфа маңындағы көне қала) Меккеге барып, Қағбаны 

тауап  етеді.  Иран  патшасы  Хүрмүздің  қазыналары 

қолынан алынады, – дейді Пайғамбарымыз. – Немене? 

Иран патшасы Хүрмүз бе? – деп сұрайды Адый ибн Ха-

тим. – Иә, одан да мол табысқа кенелесіңдер, – дейді 



56

Сахабалар салған сара жол

Расулаллаһ. Адий ибн Хатим сол жерде иман келтіреді. 

Пайғамбарымыздың  қуанышы  қойнына  сыймайды. 

Содан  соң  ол  Аллаһқа  мақтау  айтып,  шүкіршілік  ет-

кеннен кейін, қасындағыларға: «Ей, адамдар! Жасаған 

жақсылықтарыңның  барлығы  өздеріңе  қайтарылады. 

Адам аз болсын, көп болсын, жасаған жақсылықтары 

арқылы  Аллаһқа  қауышқанда,  Хақ  тағала  оған:  «Мен 

саған  көру  үшін  көз,  есту  үшін  құлақ,  бұдан  өзге  то-

лып  жатқан  өзге  де  жақсылықтар  берген  жоқпын  ба? 

Саған байлық пен ұрпақ берген жоқпын ба? Олай бол-

са,  дүниеде  ақырет  үшін  не  жасадың?»  –  дейді.  Сон-

да  адамның  ештеңесі  болмаса,  алдына  бір,  артына 

бір, оң жағына бір, сол жағына бір қарап, жан-жағына 

жалтақтап  бітеді,  алайда,  өкінішке  қарай,  қолына 

түк  ілікпей,  қараңғыда  қарманып,  ғаріп  күйге  түседі. 

Сол  кезде  Аллаһтың  рақымдылығынан  басқа  шара 

қалмайды. Жарты құрма арқылы (садақа беріп) болса да 

оттан сақтаныңдар. Ол да болмаса, жақсы сөз айтыңдар.

 

Шынында,  мен  сендерді  жоқшылыққа  ұшырайды  деп 



қорықпаймын. Әрине, Аллаһ сендерге көмектеседі, сен-

дерге әлі көп жеңіс нәсіп етеді. Тіпті Хира қаласынан 

Мәдинаға  әйел  баласы  жалғыз  өзі  сапарға  шықса  да, 

ештеңеден  қорықпайтындай  жол  қауіпсіз  болады»,  – 

дейді

82



Уақыт өте келе, Расулаллаһтың келешекке қатысты 

айтқандары біртіндеп жүзеге асты. Бұған Адий ибн Ха-

тим өз көзімен куә болды

83



82

  Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 17/99 (237)

83

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/66




57

Аллаһ пен расулына шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет