Сыртқы әрекеттеріне қарап бағалау
Абдуллаһ ибн Утба ибн Мәсуд (р.а.) айтады:
Омардың (р.а.) былай дегенін естіген болатынмын:
«Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көзі тірі кезінде
адамдардың құпия-сырлары аяттар арқылы ашылатын.
Өздерің білесіңдер, уахи тоқтады, аят түспейтіндіктен,
енді біз сендерді істеген істеріңе қарай бағалаймыз. Сөзі
мен ісі бір жерден шыққан адамды сенімді адам деп та-
нимыз, әрі өзімізге жақын тұтамыз. Оның жан сарайына
үңіліп жатпаймыз, өйткені оның ішкі дүниесі Аллаһқа
аян, әрі Аллаһ алдында жауап береді. Әрекеті ұнамсыз,
қылығы жағымсыз адам қанша жерден ақталып, таза
екенін дәлелдеп, қара терге түссе де, біз оның бірде-
бір сөзіне сенбейміз. Ондай адамға арамызда орын
жоқ»
444
.
Достарыңызбен бөлісу: |