429
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
шұғыл кездесуім керек. Хатымды ала сала, жолға шық!
Бұйрықты орында!»
Әбу Убайда хат қолына тиісімен, «Халифаның мені
неге шақыртқанын түсіндім. Ол ажалы анық тақаған
адамды аман алып қалмақшы», – дейді де, былайша жа-
уап хат жазады:
«Мен мұсылман қолын басқарамын, оларды
тастап кете алмаймын, мен сарбаздармен бірге бо-
лайын. Не үшін шақыртқаныңды да түсіндім. Сен күні
батуға айналған адамды ажал аузынан арашалап алып
қалғың келеді. Әміріңнің күшін жой да, мені осы жерде
қалдыр».
Омар (р.а.) Әбу Убайданың хатын оқыған соң,
көз жасына ерік береді. Оның жылағанын секем алып,
іш жиып қалған қасындағылар: «Әбу Убайда қайтыс
болып па?» – деп сұрайды. «Жоқ, көретін жарығы әлі
сөнбепті, бірақ оның күні тақау қалды, ол енді бізге
жоқ», – дейді Омар.
Әбу Убайдаға екінші хатты жазады: «Йордания
жері ылғалды, батпақты, оба тез тарайтын аймақ. Жа-
бия – жері жақсы әрі індет ошағынан жырақ жатыр,
мұһажырлармен бірге сол жерге бар, шегін». Әбу
Убайда осы хатты оқығаннан кейін: «Енді мүміндердің
әміршісіне бағынып, бұйрығын орындаймыз», – дейді.
Әбу Мұса айтады: «Әбу Убайда маған сарбаздар-
ды Жабияға ертіп баруымды бұйырды. Дәл осы сәтті
аңдып тұрғандай, қырсыққанда, аяқ астынан жұбайым
індеттің тұзағына түсіп қалды. Жағдайымызды Әбу
Убайдаға айттым. Ол бұл істі өзі қолға алды. Алайда,
ол да оба індетінен аман қала алмады. Оның қазасынан
кейін обаның беті қайта бастады.
430
Сахабалар салған сара жол
Әбу Мүәжжих айтады: «Әбу Убайда басқарған сар-
баздар саны шамамен отыз алты мыңның үстінде бол-
ды. Оның отыз мыңдайы обадан ажал тауып тек алты
мыңы ғана аман қалды»
447
.
Достарыңызбен бөлісу: