Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Хазірет Омар және парсы қолбасшысы



Pdf көрінісі
бет308/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Хазірет Омар және парсы қолбасшысы 

Хүрмүзан

Әнәс  ибн  Мәлік  (р.а.)  айтады:  «Түстер  аймағын 

қоршауға алған болатынбыз. Парсы қолбасшыларынан 

Хүрмүзан өзіне тек Омардың үкім шығару шартымен 

468

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 15/137 (40174)



469

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/811 (11449)




449

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

бізге  берілді.  Оны  Омардың  алдына  апардым.  Омар 

Хүрмүзанға:  «Сөйле»,  –  деді.  Хүрмүзан:  «Әуелі  тірі 

қалып-қалмайтынымды  білейін.  Сөзімді  соған  қарай 

айтамын», – деді. Омар: «Сөйле, саған зарар келтірмей-

міз», – деді. Хүрмүзан: «Ей, араб жұрты! Аллаһ тағала 

тарапынан  пайғамбар  келмей  тұрғанда,  біз  сендерді 

тұтқынға  алып,  құлдыққа  салып,  бас  көтергендеріңді 

жер жастандыратынымыз, мал-мүлкіңді тартып алаты-

нымыз әлі естеріңде. Аллаһ сендерге пайғамбар жібер-

гелі, біздің қанатымыз қайырылды», – деді. 

Әнәс айтады: «Омар менен «Бұған не істеген жөн?» 

– деп сұрады. Мен: «Уа, мүміндердің әміршісі, оның ар-

тында қаншама халық тұр. Оны өлтірсең, сенімнен айы-

рыламыз. Олар бізден қайыр жоғын біліп, жандарынан 

түңіліп, бізбен өлген-тірілгеніне қарамай шайқасады», 

– дедім. Омар: «Сонда мен Бәра ибн Мәлік пен Мәжзаа

 

ибн  Сәур  сияқты  екі  саңлақ  сахабаны  шейіт  еткен 



адамды  бос  қоя  беруім  керек  пе?»  –  деді.  Мен  Омар 

оны  өлтіруге  жарлық  бере  ме  деп  қауіптеніп:  «Оны 

өлтіре алмайсың, өйткені оған «Айт, саған еш нәрсе іс-

темейміз» деп уәде бердің ғой», – дедім. Омар: «Оны 

неге сонша қорғаштайсың? Ол сенің аузыңды майлап 

қойғаннан сау ма?» – деп сұрады. «Уаллаһи, ондай ойым 

да болған емес», – дедім мен. Омар: «Ендеше,- менің 

Хүрмүзанға  «Айт,  саған  жамандық  жасамаймыз»  деп 

уәде бергендігіме қатысты бір куәгер әкел. Әйтпесе, ал-

дымен сені жазаға тартамын» деді. Сөйтіп, мен куәгер 

іздеуге  шықтым.  Зубәйр  ибн  Аууам  куәгерім  болды. 

Ол  Омардың  Хүрмүзанды  өлтіру  туралы  ойынан  бас 

тартқызды. Хүрмүзан кейін Исламға кіреді. Омар оған 

айлық ақша тағайындады.

 470

 

470



 Бәйхақи, Сүнән 9/96 (17962)


450

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет