уәлид ибн Мұғира
Бір күні Уәлид ибн Мұғира Расулаллаһты (с.а.с.)
арнайы іздеп барады. Пайғамбарымыз оған Құран
оқып, дінді біраз насихаттағаннан кейін, Уәлид ибн
Муғира жұмсарғандай сыңай танытады. Бұл хабар Әбу
Жәһілге жетеді. Ол дереу Уәлидке жетіп барып: «Көке!
Қауымың сен үшін мал жинап жатыр», – дейді. «Неге?»
– деп сұрағанда, «Саған жиып бермек, өйткені сен
Мұхаммедтің сөздерін қабылдауға келді деген хабар та-
рады», – дейді. Уәлид ибн Мұғира: «Қой, менің дәулетті
адам екенімді бүкіл Құрайыш біледі ғой», – деп жауап
береді. Әбу Жәхіл: «Онда маған Мұхаммедтің айтқанын
қабылдамағаныңды білдіретіндей бір сөз айт, қауымыңа
жеткізейік», – дейді. Уәлид: «Не айтсам екен? Расында,
сендердің араларыңда өлеңге менен жүйрік ешкім жоқ.
Арабтардың өлең ырғағы мен бәйіттерін менен артық
ешкім білмейді. Мұхаммедтің айтқандары бұлардың
ешқайсысына ұқсамайды. Айтқан сөздері айқын, тар-
тымды, әсем, әрі жүрекке жылы тиеді, мағынасы да
терең, аса мәнді. Өзгемен теңестіру қиын. Ақиқаты
93
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/64
66
Сахабалар салған сара жол
мынау: сендер оны жеңе алмайсыңдар. Арынын тежей
алмайсыңдар», – дейді. Қулығына құрық бойламайтын
Әбу Жәһіл осал тұсың осы-ау деп: «Егер бұлай десең,
халқың сені жақтыра қоймас», – дейді «Ендеше, тоқтай
тұр, ойлануға мұрсат бер», – деп, ары ойланып, бері
толғанып, ақыры «Мұхаммедтің айтқаны адамды жа-
дылап алатын сиқырдан өзге түк емес, бұл жаман әдет
басқаларға да жұғады» деген шешімге келеді
94
. Сон-
да мына аяттар түседі: «Мал-мүліксіз, отбасынсыз,
жападан-жалғыз жаратылып, кейіннен көптеген мал-
мүлік пен байлық, ұрпаққа ие болған сол адамды Маған
тапсыр!» («Мүддәссир», 74/11-14)
Достарыңызбен бөлісу: |