93
Аллаһ пен расулына шақыру
уден жағы талмайтын. Ізінен ерген кісінің Әбу Ләхаб
екенін кейіннен білдім
109
.
Бұл жайлы басқа бір риуаятта: «Аллаһ расулы
Әбу Ләхабтан бойын аулақ салғысы келсе де, ол оның
қыр соңынан қалмайтын» делінсе, тағы бір хабарда:
«Иін тірескен халықтан ине шаншар орын қалмайтын.
Тоқтаусыз сөйлеген ондай адамды ешқашан көрген
емеспін»
110
деп келеді.
Тарық ибн Абдуллаһ айтады: «Бір күні Зүл-мәжаз
базарына барғанымда, қызыл шапанды бір кісінің: «Ей,
адамдар! Лә илаһа иллаллаһ деп, ақыреттегі ауыр аза-
птан құтылыңдар» деп тұрғанын көрдім. Артынан еріп
жүріп оны таспен ұрып, аяқтарын қып-қызыл қанға
бояған біреу: «Ей, халайық! Ол өтірікші, айтқанына
сенбеңдер!» – деп жүр екен. Мен мұның себебін
сұрағанымда, Хашимұлдарынан бір жас жігіт: «Мына
кісі өзінің Аллаһтың пайғамбары екенін айтып жүр, ал
ана адам оның көкесі – Абдул-Узза, яғни Әбу Ләхаб»,
– деді
111
.
Мәлік ибн Кинанаұлдарынан біреу мұны былайша
баяндайды: «Зүл-мәжаз базарында Аллаһтың расулын
көрдім, ол: «Ей, адамдар! Лә илаһа иллаллаһ деңдер,
ақыретте азапқа ұшырамайсыңдар», – деп жүрді, Әбу
Жәһіл болса оған топырақ шашып: «Бұл сендерді
діндеріңнен тайдырмақшы. Мұхаммед тәңірлерің Лат
пен Узза пұттарын тәрк етулеріңді қалайды», – дейтін.
Аллаһ расулы Әбу Жәһілге көз қиығын да салмайтын.
Мен оған: «Аллаһтың расулын сипаттап берші!»
– деп өтінгенімде, «Қызыл шапан киген, орта бойлы,
109
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/41
110
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/20 (9834)
111
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/20 (9835)
94
Сахабалар салған сара жол
мығым денелі, жылы жүзді, қою қара шашты кісі», –
деп жауап берді»
112
.
Достарыңызбен бөлісу: