Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет74/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

15. худАйбия КЕлІСІМІ

 Аллаһ расулының   Қағбаны зиярат 

жасауына Құрайыштардың кедергі болуы

Мисуар  ибн  Махрама  мен  Мәруан  былай  дейді: 

«Аллаһ расулы Худайбия келісімі жасалған кезде, са-

хабаларымен бірге жолға шығады. Әлдебір жерге кел-

ген кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Халид ибн Уәлид 

Құрайыштың атты әскерімен бірге қазір Ғамимда. Оң 

жақты  байқаңдар»,  –  дейді.  Шынында  да,  сүт  пісірім 

уақыттан соң Халидтің төбесі көрінді. Ол атының ба-

сын  кері  бұрып,  жағдайды  Құрайышқа  хабарлайды. 

Бұл  кезде  Пайғамбарымыз  сахабаларымен  бірге  бір 

жотаға  жеткен  болатын.  Пайғамбарымыздың  түйесі 

жүрісін  кілт  тоқтатып,  жерге  шөгеді.  Адамдар  түйені 

тұрғызуға  қанша  күш  салса  да,  ойсыл  қара  тұқымы 

тырп етпеді. Былайғы жұрт: «Қасуа тұра алмай жатыр! 

Қасуа тұра алмай жатыр!» – деп әбігерге түседі. Сүйікті 

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, ол тұра алмағандықтан 

емес,  Әбраханың  пілін  кім  тоқтатса,  мұны  да  сол 

тоқтатты. Өйткені бұл түйенің мұндай әдеті жоқ бола-

тын. Аллаһқа ант етемін, егер олар Аллаһтың қасиетті 

деп белгілеген нәрселеріне құрмет көрсеткен жағдайда, 

менен не қаласа да, ризалық білдіремін», – дейді. Осы-

ны айтып, түйесін түртіп қалған кезде ол орнынан атып 

тұрып, желе жөнелді. Ол Худайбияның шеткі аймағына 

жеткен соң, түйесінен түседі. Кенезесі кепкен елге ауыз 

тұшымайтын  су  табылады.  Көпшілік  қанша  үнемдесе 

139


 Ибн Хиббан, Сахих 1/521 (288)  Ибн Хажар, әл-Исабә 1/566


131

Аллаһ пен расулына шақыру

де, бір кезде су таусылады. Олар шөлдегенін айтқанда, 

Пайғамбарымыз  қорамсағынан  оқ  алып,  оны  судың 

қайнарына  қоюды  бұйырады.  Осыдан  соң  қайнардың 

ернеуі суға толып, қаталаған жұрт қанғанынша ішеді, 

ыдыстарына да құйып алады». 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет