Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


бүдәйлдің Аллаһ расулына хабары



Pdf көрінісі
бет75/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

бүдәйлдің Аллаһ расулына хабары

Бірде  Хижаз  халқынан  Аллаһ  расулына  етене 

жақын  болып  кеткен  Хузаа  тайпасынан  Бүдәйл  ибн 

Уәрка әл-Хузаи бірнеше адаммен сау ете қалады: «Мен 

өтіп бара жатып Кағыб ибн Луәй мен Амир ибн Луәй 

тайпаларының Худайбияның ең жақсы бұлақтарының 

басына  орналасқанын  көрдім.  Сауынды,  боталы 

түйелері де бар екен. Олардың сенімен соғысуға келе 

жатқандығы және сенің Қағбаны зиярат етуіңе кедергі 

келтірмек ниетін байқадым», – дейді. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Біз  ешкім-

мен  соғысуға  келген  жоқпыз,  тек  ұмра  жасауға  кел-

дік. Сондай-ақ Бәдір мен Хандақ соғысы Құрайышты 

әлсіретіп,  оларды  едәуір  шығынға  ұшыратты. 

Қаласа, олармен уақытша бітімге келеміз, бұдан бы-

лай  басқалар  мен  менің  арама  килікпесін.  Егер  мен 

жеңіске  жетсем,  қалағаны  Исламға  кіреді.  Жеңіліс 

тапсам,  менен  құтылып,  армандарына  жетеді.  Бұл 

уақытша  бітімді  қабылдамаса,  Аллаһқа  ант  етемін, 

осы  жолда  қасық  қаным  қалғанша  күресемін.  Аллаһ 

міндетті түрде уәдесін орындайды», – дейді. Бүдәйл: 

«Айтқандарыңды дәл сол күйінде жеткіземін», – деп, 

Құрайышқа тартады. 

«Біз  ол  кісімен  сөйлесіп  келе  жатырмыз. 

Қаласаңдар, не айтқанын сендерге жеткізейін», – дей-

ді.  Құрайыштың  маскүнемдері:  «Мұхаммед  туралы 




132

Сахабалар салған сара жол

хабардың бізге қажеті жоқ», – десе, естілері: «Қане, не 

естігеніңді айт», – дейді.

Ол Пайғамбарымыздың айтқанын жеткізеді. Сонда 

Уруа ибн Мәсғуд орнынан тұрып: 

–  Ей, Құрайыш қауымы! Сендер менің әкемнің ор-

нына әке емессіңдер ме? – дейді. Олар: 

–  Иә, әкеңнің орнындамыз, – десті. 

–  Мен сендердің балаларың емеспін бе? 

–  Иә. 


–  Менен күмәнданатын жерлерің бар ма? 

–  Жоқ. 


–  Укказ халқын сендерге көмекке шақырғанымды, 

олар  бұдан  бас  тартқанда,  өз  отбасым  мен  маған 

бағынғандарды  ертіп  сендерге  көмекке  келгенім 

естеріңде болар? 

–  Иә. 

–  Олай болса, бұл адам (Пайғамбарымызды меңзеп) 

сендерге қайырлы бір ұсыныс жасап отыр, ақылға са-

лып қабылдаңдар. Мені жіберіңдер, өзімен кездесейін.

–  Қалауың білсін, – дейді олар. 

Уруа Аллаһ расулына (с.а.с.) барып, жағдайды баян-

дайды. Уруаға да Бүдәйлге айтқан сөздерін қайталаған 

Пайғамбарымыздың  алған  бетінен  қайтпайтынына 

көзі жеткен Уруа: «Ей, Мұхаммед! Егер қауымыңның 

түп-тұқиянына  қарасаң,  сенен  бұрын  арабтардан  өз 

қауымымен жаға жыртысқан адамды естідің бе? Егер 

керісінше іс насырға шапса ше? Мен араларыңдағы та-

нымал  адамдарды  да,  әртүрлі  тайпалардан  жиналған 

адамдарды  да  көріп  жүрмін.  Олардың  көпшілігі  сені 

майдан  даласында  оқ  пен  оттың  ортасында  жалғыз 

тастап қашады», – дейді. 




133

Аллаһ пен расулына шақыру

Әбу  Бәкір  (р.а.):  «Өй,  тұқымың  құрғыр,  одан 

қашатындай  бізді  опасыз  деп  тұрсың  ба?  Біз  бе  оны 

жалғыз қалдыратындай?» – дейді ашуға булығып. Уруа: 

«Бұл кім?» – деп сұрағанда, Аллаһ расулы (с.а.с.): «Әбу 

Бәкір», – деп жауап берді. Уруа: «Аллаһқа ант етемін, 

маған  жасаған  жақсылықтарың  болмағанда,  міндетті 

түрде сазайыңды тарттырар едім», – дейді. 

Уруа  Пайғамбарымызбен 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  тіл-

десіп,  былайғы  жұрттың  наразы  күңкілдеріне  на-



зар  аудармайды.  Әр  сөйлеген  сайын  Расулаллаһтың 

сақалынан  ұстап  сипап  отырады.  Муғира  ибн  Шұғба 

басында  дулыға,  қолында  қылышын  сығымдай 

ұстап,  Пайғамбарымыздың  жанында  тұрады.  Уруа 

қолын  Аллаһтың  расулына  созған  сайын,  Муғира 

да  қылышының  сабымен  Уруаның  қолынан  қағып: 

«Аллаһ  расулының  сақалынан  қолыңды  тарт»,  –  деп 

тұрады. Уруа басын көтеріп: «Бұл кім?» – деп сұрайды. 

«Муғира ибн Шұғба», – дейді олар. Уруа: «Ей, опасыз. 

Мен сенің жасаған залымдығыңды жуып-шаю үшін не 

істемедім десеңші?» – дейді. 

Өйткені Муғира надандық дәуірінде өзіне жолсерік 

болған  біраз  адамдардың  түбіне  жетіп,  олардың  ма-

лын иеленіп кеткен қара ниетті, қорқау адам еді. Кейін 

ақ  жолға  түсіп  мұсылман  болады.  Өзіне  біреулердің 

қанын жүктеп тапқан осы малды ұсынғанда, Аллаһ ра-

сулы: «Мұсылмандығыңды қабылдаймын. Бірақ мына 

малдарыңды ала алмаймын», – деп бас тартады. 

Сосын  Уруа  сахабаларға  көз  жүгіртіп:  «Уаллаһи, 

бұл  не  деген  құрмет!  Аллаһ  расулы  бір  істі  бұйырса, 

барлығы  сол  сәтте  екі  етпеуге  құлшынады.  Дәрет 

алған суының қалғанына таласады. Мейлінше ақырын 

сөйлесуге  тырысады,  оны  сыйлайтыны  соншалық  – 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет