Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет128/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
рәкат етіп оқытыла бастаған. Язид ибн Руман: «Омардың 
(р.а.) заманында мұсылмандар тарауихты (үтірді 
қосқанда) жиырма үш рәкат етіп оқитын» деген. Абдур-
Рахман ибну Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның 
бір түнінде мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде 
намаз оқуда. Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып 
жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып 
жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.): «Адамдардың бәрін 
бір қаридың артына жинаған дұрыс-ау, жақсы», – деді 
де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына 
ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.) 
бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. 
Мұны көрген Омар (р.а.): «Бұл қандай жақсы бидғат», 
– деді»
253
. дегенін жеткізді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар 
рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын 
мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы 
кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да, 
кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке 
жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманын-
да да солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың 
бәрін бір имамның артына жинап, тарауих намазын 
күнде мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған әрі 
рәкат санын жиырма рәкат еткізген. Омардың (р.а.) 
бұл ісіне яғни тарауихтың күнде мешітте жамағатпен 
жиырма рәкат ретінде оқытылуына ешбір сахабаның 
қарсы шықпағандығы, олардың бұл мәселеге байланы-
сты пайғамбарымыздың берген қандай да бір үкімін 
253
Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, 
Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, 
Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.


223
Намаз
білгендіктерінде. Омардың (р.а.) қолға алған ісіне қолдау 
көрсетуі сахабалардың ислам заңдарының негізі бойын-
ша «ижмағ» болып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет 
секілді шариғатымыздың негізгі дәлелдеріне жатады. 
Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың (с.а.у) 
Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы мен үтірді 
оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкатына байла-
нысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен сахабалардың 
фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың тарауихты іс 
жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған ижмағ) қуаттанып 
отыр. Айша анамыздың «Алла елшісі (с.а.у) рамазанның 
түндерінде мол намаз оқитын еді» делінген риуаяты мен 
сахабалардың және көпшілік мәзһаб ғұламаларының 
тарауихты жиырма рәкат оқығандығы жоғарыдағы Ибн 
Аббастан риуаят етілген хадистің дұрыс екендігіне 
қуатты дәлел.
Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін ұстана-
тындардың дәлеліне келер болсақ:
Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі 
Айша анамыздың: «Алла елшісі (с.а.у) рамазан айында 
және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық намаз 
оқымайтын еді» деген риуаяты. Бұл риуаятты Айша ана-
мыздан жеткен: «Рамазан айы кірісімен, Алла елшісінің 
(с.а.у) түрі өзгеретін әрі намаз көп оқып, Жаратқанға 
қатты жалбарынушы еді», «Алла елшісі (с.а.у) басқа 
уақыттарда көрсетпеген қажыр-қайраты мен ыждаһатын 
рамазан айының соңғы он күнінде көрсететін еді» деген 
хадистермен топтастырып қараған уақытта «Алла 
елшісі (с.а.у) Рамазан айында және одан басқа айларда 
да он бір рәкаттан артық намаз оқымайтын еді» деген 
жоғарыда келтірілген риуаяттың тарауих намазы емес, 


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет