Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет2/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасы


5
Пікір
Қазақ халқының үлкен ағартушысы Ы. Алтынсарин 
1889 жылы «Шариатул-ислам», көрнекті ақыны Шәкәрім 
Құдайбердіұлы 1911 жылы «Мұсылмандық шарттары» 
атты кітаптар жазып бастырыпты. Екі оқымысты да осы 
еңбектері арқылы қандастарына ислам дінінің негіздері 
мен қағидаларын, шариғат үкімдерін ұғынықты ана 
тілінде жеткізуді мақсат еткен еді. Себебі, сол кездерде 
қазақтардың көпшілігі араб, түрік, кітаби түрік-шағатай 
тілдеріндегі діни кітаптарды түсініп оқи алмайтын. 
Содан бері ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл мәселе 
күн тәртібінен түскен жоқ. Қазақ тілінде шығып жатқан 
исламға қатысты кітаптар әлі де аз, имандылыққа бет 
бұрған халқымыздың өскелең талап-сұранысы толық 
қанағаттандырылмай отыр. Сол себепті, Исламның 
парыз-қағидаларын жан-жақты таныстыру, түсіндіру 
ниетімен жазылған бұл кітаптың өзектілігі күмәнсіз.
Кітап мазмұны бұрынырақ жарияланған Халифа 
Алтайдың «Ғылымхалына» қарағанда әлдеқайда кең, 
толыққанды. Өте күрделі әрі қиын сауалдарға ашық 
дәлелмен жауаптар берілген. Кітап авторлары бұл 
тақырыпқа дайындықпен келді.
Олардың бірі Мұхиддин Исаұлы Қожа Ахмет Яссауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 
дінтану мамандығы бойынша бітірген соң, Түркияның 


6
Ислам ғылымхалы
Истанбул Мармара университетінің магистратурасында 
білімін жетілдірді. Артынан Анкара университетінде 
Құран ілімі бойынша докторлық қорғады.
Ал Қайрат Жолдыбайұлы Мысырдағы әл-Әзһар 
университетін толықтай бітірген алғашқы қазақ жігіті.
Екі маман да дінге қатысты мақалаларымен соңғы 
кезде республикалық мерзімді басылым беттерінде жиі 
көрінумен қатар, радио-теледидарда тұрақты сөйлеп, 
дінді насихаттауға үлес қосуда.
Авторлар араб, түрік тілдеріндегі дерек-
материалдарды еркін пайдаланып, фиқһ саласындағы 
іргелі еңбектерге арқа сүйеген.
Кітап ханафи мәзһабын ұстанатын жалпы 
Қазақстандық мұсылмандар, әсіресе, имамдар үшін аса 
қажет құрал деп – санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет