Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд»



Pdf көрінісі
бет125/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд». 
Мағынасы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһтан басқа 
тәңірлер жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар 
мен мақтаулар тек Аллаһқа тән».
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, парыз 
намазы міндетті адамға тәкбір айту – уәжіп. Яғни, жеке 
246
Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 232.
247
Тәшриқ (сөздікте) – еттерді бөліп, күннің астына қою 
деген мағынаны білдіреді. Құрбан айтта құрбандық бөліп 
таратылатындықтан осылай атаған.


217
Намаз
намаз оқыған адам, жолаушы, тұрғын, ауылда, қалада 
тұрған ер, әйелдің бәріне бірдей ортақ. Бірақ Әбу Ханифа 
бойынша, тәшриқ тәкбірі уәжіп болу үшін адамның 
тұрғын, азат, ер кісі және бұл тәкбірдің айтылу тиіс 
намаздың жамағатпен оқылған парыз намаз болуы керек. 
Сол себепті жолаушы, тұтқын, әйел және жеке басы намаз 
оқыған жанға тәкбір уәжіп емес. Бірақ бұлар имаммен 
бірге намаз оқыса, жамағатпен бірге тәкбір айтады. Жұма 
мен айт намаздары оқылмайтын кіші ауылдарда тәшриқ 
тәкбірі айтылмайды. Айт күндері мұсылмандардың бір-
бірлерін құтықтаулары, бір-бірлерімен қол алысып, дұға 
етулері – мәндүп.
Нәпіл намаздар
Парыз немесе уәжіп намаздардан басқа Аллаһ 
Елшісінің оқыған жалпы намаздары «нәпіл» деп ата-
лады. Бес уақыт парыз намаздармен бірге оқылатын 
нәпіл намаздарға жүйелі (рауатиб) сүннет намаздары 
делінеді. Жүйелі сүннет намаздары «мүәккад (бекітілген) 
сүннет» және «ғайру мүәккад (бекітілмеген) сүннет» 
болып екіге бөлінеді. Бес уақыт парыз намаздармен бірге 
оқылмайтын нәпіл намаздарға «мәндүп нәпіл» намазда-
ры делінеді.
Жүйелі (рауатиб) сүннет намаздар
1. Мүәккад (бекітілген) сүннеттер
Бес уақыт намаз, жұма намаздарымен бірге оқылатын 
нәпіл намаздардың бір бөлімі–мүәккад сүннеттер. 
Аллаһ Елшісі былай дейді: 
«Әрбір адам күнделікті 
парыз намаздарынан тыс он екі рәкат намаз оқыса, 
Аллаһ оған жәннатта бір үй салады. Бұлар мына на-


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет