«Субхан-Аллаһи уәл-хамду лилләһи уә ләә
иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар»
тәсбихы оқылады.
267
Зухайли,а.а.е., ІІ, 49.
232
Ислам ғылымхалы
Яғни, әрбір рәкатта жетпіс бес рет тәсбих оқылады.
Ниет етіп, қол байланып, субханакадан кейін он бес рет
осы «тәсбих» оқылады. Содан кейін Ә’узу-бисмиллаһ,
«Фатиха» және бір сүре оқылып, қайтадан осы «тәсбих»
он рет оқылады. Содан кейін рүкүғке барады. Үш рет
рүкүғ тәсбихі айтылған соң, сол жерде он рет тағы да осы
«тәсбих» оқылады». Содан кейін қиямға барған кезде
сол жерде он рет оқылады. Одан кейін сәждеге барады.
Сәжде тәсбихы айтылысымен артынша он рет «тәсбих»
оқылады. Сәждеден тәкбір айтып тұрады да, екі сәжде
арасында тағы да он рет осы «тәсбих» оқылады. Қайта
тәкбір айтып, сәждеге барып, сәжде тәсбихін айтқан соң,
он рет осы «тәсбих» оқылады. Сонымен бәрі қосылып,
жетпіс беске жетеді. Осыдан кейін екінші рәкатқа тұрады
да, сол рәкатты дәл осылай оқып отырады. Отырыста
«әт-тахият» пен «салауат» оқылады. Осымен «тәсбих»
жүз елуге жетеді. Осыдан кейін сәлем беріп яки сәлем
бермей үшінші рәкатқа бастайды. Осы соңғы екі рәкат
дәл алдыңғыдай оқылады. Осылайша үш жүз «тәсбих»
оқылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасы Аббасқа
тәсбих намазын үйретіп жатып, осы намазды оқыған
жанның құм үйіндісіндей күнәлары болса да, Аллаһ сөзсіз
кешіретінін айтады
268
. Тәсбих намазында жаңылысқан
жағдайда, сәһу сәждесінде бұл тәсбихтар қайталанып
оқылмайды. Бұл намазды оқыған адам тәсбихтарды
ойымен санай алса, саусақтарымен санамайды. Имам
тәсбих намазын оқытса, жария оқиды. Тәсбихтарды да
жария түрде оқиды.
268
Тирмизи,Уитир,19.
233
Достарыңызбен бөлісу: |