Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен



Pdf көрінісі
бет154/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   309
«Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен 
су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп, 
құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта 
тірілесіңдер»
295

Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де 
технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз-
да табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, 
жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып 
ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллион-
ды құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне 
жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. 
Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып 
тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәл де болса бір өзгеріс 
туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең 
алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек 
оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу 
жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз 
дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен 
салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен 
құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. 
Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған 
мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте 
295
Зухруф сүресі/11.


261
Намаз
болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы 
орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды
296
.
• Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға 
таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындап, рас-
тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: 
Құранның 
Аллаһ тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы 
жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы 
жіберілген Құран Кәрім екендігін..., Виктор Имбер-
дес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола 
алатындай бай кітап екендігін..., Доктор М. Букайле: 
Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін 
қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да 
ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын..., 
Mr. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын..., 
Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат күштің қайнар 
көзі болып қала бермек... Капитан Кусто: «Қазіргі 
ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға 
ант етейін, ол – Аллаһтың хақ сөзі»
десе, Абай атамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет