Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет156/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
намаздардың қазасын жолаушы болған уақытта оқыса, 
қысқартпай толық оқиды.
Қателік сәждесі 
(сәһу сәждесі)
Қателік сәждесі намазда жасалынған кейбір 
қателіктердің түзетіліп, намаздың дұрыс болуы үшін 
намаздың соңында жасалатын қосымша екі сәжде. Адам 
намазда жаңылысып намаздың бір парызын кешіктірсе, 
немесе артық істесе, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк етсе, 
кешіктірсе, намаздың ақырында қателесу сәждесін жа-
сайды.
Қателік сәждесі қалай жасалады?
Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста әт-
тахиятты оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, қайта 
«Аллаһу әкбар» деп, екі рет сәждеге барып, қайта отыра-
ды. Одан кейін әрі қарай қайтадан «әт-тахият» дұғасын, 
салауат, «Рәббәнә әәтина» дұғасын оқып, екі жаққа 
сәлем береді. Егер Имам қателессе, тек қана бір жағына 
сәлем беріп, екі сәжде жасайды. Екі жаққа сәлем беретін 
болса, жамағат намаз бітті деп ойлап қалып, тұрып кетуі 
ықтимал.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Кімде-кім 
намазда шүбәланса, дұрысы қайсысы екенін ойлап
намазын қанағаттанған ойына қарай толықтырсын. 
Сосын сәлем берсін де, қателік сәждесін жасасын, 
яғни жаңылғаны үшін екі сәжде жасасын»
298
. Басқа 
бір хадисте: «
Кімде-кім намазын төрт рәкат па, әлде 
298
Бухари, Салат, 31.


265
Намаз
үш рәкат па оқығанына шүбәланса, шүбәсін тастап, 
анық білгенімен намазын толықтырсын. Соңғы сәлемді 
бермей екі сәжде жасасын. Егер бес рәкат оқыса
сәжделер намазына шапағатшы болмақ. Ал егер нама-
зын толық оқыған болса, сәжделер шайтанның алыс-
тауына себеп болады»
299
.
Сәһу сәждесін қажет ететін жағдайлар:
1. «Фатихадан» кейін қосымша сүре оқымастан 
рүкүғқа бару. Рүкүғте тұрған кезде есіне түссе қайта 
қиямға барып, қосымша сүрені оқып рүкүғке барады. 
Намаздың соңында сәһу сәждесін жасайды.
2. Ұмытып «Фатиха» сүресін екі рет оқу.
3. Ұмытып үтір намазының тәкбірін және құныт 
дұғасын оқымау.
4. Төрт рәкатты намаздарда екі рәкат оқығаннан 
кейін отыруды ұмытып, үшінші рәкатқа тұру. Яғни 
алғашқы отырысты ұмыту. Бұндай жағдайда егер үшінші 
рәкатқа толық, яки (тізелері ашылып) қиямға жақын 
тұрып қойса, намазын әрі қарай жалғастырып, соңында 
сәһу сәждесін жасайды. Ал, егер отырысқа жақынырақ 
күйде болса, үшінші рәкатқа тұрмай отырады. Сәһу 
сәждесін жасамайды.
5. Бірінші отырыста «әт-тахият» дұғасын оқығаннан 
кейін дереу тұрмай «салауат» және басқа дұғаларды оқу 
яки намаздың бір рүкіні (парызы) орындалатындай уақыт 
отыру. Егер салауаттан бір сөйлемдей оқып қойса сәһу 
сәждесі жасады. Мысалы, «Аллаһумма салли а’ла Му-
хаммад» сияқты. Ал егер бір сөйлемнен аз болса сәһу 
сәждесі қажет емес.
299
Бухари, Сәһу, 6-7.


266


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет