484
Ислам ғылымхалы
Аңдарды балалау немесе жұмыртқалау мерзімдерінде
аулаудан сақтану – мейірімді адам баласының ұмытылмас
міндеті.
Ойын-сауық құрып, құмарлық үшін барлық уақытын
аңдардың соңында өткізіп, аңды қалай аулағанын, қалай
қуалағанын айтуды ермек қылған адам негізгі көңілін
бөлетін маңызды нәрселерді ұмыт қалдырып, рухани-
яттан мақұрым қалары сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
бір хадисінде: «Аңның соңына түскен адам ғафыл
(бейқам) болады»
463
– деп, осы шындыққа назарымыз-
ды аударған.
Қорытынды ретінде айтар болсақ, аң аулап, ризық
табу – халал кәсіп жолы. Десек те, басқа ризық табу
жолдары одан абзалырақ.
Достарыңызбен бөлісу: