Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет80/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   309
Ислам ғылымхалы
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге 
болады. Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымында да әрбір 
мүше мемлекет өзара белгіленген ортақ тілде ғана 
сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайда-
сы көзделмейді.
Мәселенің тағы бір жағы, қандай да бір 
аударманың ешқашандай түпнұсқаны толық қамти 
алмайтындығында
173
. Құран аяттарының әрбір сөзінің 
бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана 
беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің 
де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы 
әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы 
мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір 
мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен 
сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан 
да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан кейбір сөздің 
«сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баянда-
лайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны 
аудармада беру мүлдем мүмкін емес. 
Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды 
жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет 
оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін 
оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат 
алады. Өйткені, Аллаһ Тағала Құран сөздеріне осындай 
ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін 
күнделікті әр намазымыздың барлық рәкаттарында 
оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне 
ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне 
ағыла құйылып ерекше әсер етуі тағы бар.
173
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы, 
Димашқ. 2001 ж.


145
Намаз
Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір 
әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистер-
де білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл 
өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу 
ерекшелігі де жоғалады.
Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда 
қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды-
мен азан мен қамат, артынша «Аллаһу әкбар», «Суб-
хана раббиял-’азим», «Субхана раббиял-а’ләә» секілді 
қысқа қайырымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бір-екі 
қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен де 
аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай жат-
талатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданылатын 
сөздер. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың 
мағыналарын бір үйреніп алса өмірі ұмытпасы анық.
Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен 
сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік 
үшін Аллаһ Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттауда: 
«Ғибадат-құлшылықтарымызға Аллаһ Тағала емес, 
керісінше біз зәруміз»
– деген шүбәсіз шындықты есте 
ұстаған абзал
174
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет