Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет81/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   309
* * *
4. Рүкүғ
Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен 
болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа 
мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ. Егер рүкүғ 
қиямға жақын шықса, дұрыс емес. Рүкүғтің парыз болуы: 
174
М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.


146
Ислам ғылымхалы
«Ей, иман етушілер! Рүкүғ етіңдер»
175
. Әбу Хумайд 
атты бір сахаба: 
«Аллаһ Елшісінің рүкүғ еткен кезде 
қолдарын тізелерінің үстіне қойғанын көрдім. Арқасын 
да түзу ұстаған еді»
, – деп, Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) рүкүғін сипаттаған
176
. Рүкүғте бір сәт тұру, яғни 
«СубханАллаһи-а’зим» деп айтатындай уақыт тұру және 
қайта қиямға барып түзеліп, бір сәт тұрып, сәждеге бару 
– уәжіп. Бұлай істеуге тағдилул-әркан делінеді.
Имамға рүкүғте үлгерген адам түрегеп тұрып тәкбір 
алып, одан кейін рүкүғке бару керек. Бұл тәкбірді рүкүғке 
жақын алса, намазы бұзылады. Тәкбір алып, имамға 
рүкүғте үлгерген адам, сол рәкатты имаммен бірге оқыған 
саналады. Бірақ имам рүкүғте болған уақытта тәкбір 
алып, имам рүкүғтен тұрған уақытта, рүкүғке барған 
адам, ол рәкатқа үлгерген болып саналмайды. Артынан 
сол үлгере алмаған рәкатты имам сәлем бергеннен кейін 
түрегеліп жалғыз өзі оқиды. Имамға ұйыған адам имам-
нан бұрын рүкүғке барып, және имамнан бұрын рүкүғтен 
басын көтерсе, бұл рүкүғ жеткілікті емес. Осылай имам-
нан бұрын рүкүғке барған адам, имам рүкүғтен тұрмай 
тұрып, рүкүғті қайтадан жасамаса, намазы бұзылады.
Имамның рүкүғіне үлгерген адам екі тәкбір алуға 
мұқтаж емес. Қиямда тұрып
«Аллаһу әкбар»
деп, 
намазға кіріп дереу рүкүғке сол тәкбірмен барады. Бұл 
– бір тәкбірмен әрі ифтитахты әрі рүкүғ тәкбірін жасау 
деген сөз
177
. Рүкүғте оқылатын тасбих:
}مي ِظَعلا َيِّبَر َناحْب ُس{ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет