Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Жамағат намазда саптың реті



Pdf көрінісі
бет114/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Жамағат намазда саптың реті
Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып, 
екіншісі оң жағына тұрып, аяғының өкшесі имамның 
аяғының өкшесінен кейін тұру керек. Бір адамның 
имамның артына немесе сол жағына тұруы – мәкрүһ. 
Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына 
тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса, имамның 
артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі әйел 
болса, ер кісі имамның оң жағына, әйел арт жағына 
тұрады. Имамнан басқа екі ер кісі және бір әйел кісі болса, 
ер кісілер имамның артына, әйел ер кісілердің артына 
тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан 
уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағындағы 


199
Намаз
адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз 
оқуларына рұқсат.
Имамдықтың шарттары
Имамның жасы балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу 
және мұсылман болуы шарт. Иманға теріс кейбір күпір 
сенімі бар адамның артында намаз оқуға болмайды. 
Имам кісінің ер кісі болуы керек. Әйел заты ер кісілерге 
имам бола алмайды. Бірақ әйел адамның өз араларында 
имам болуы мәкрүһ жолымен рұқсат. Әйел имам болған 
уақытта басқа әйелдермен бір сапта тұрады. Имам болған 
әйелдің алдыға шығуы – мәкрүһ.
Имам кісінің намазды дұрыс оқи алатындай және 
оқитын Құран сүрелерін жатқа білуі қажет. Үзірлі адам 
имам бола алмайды.
Намаздың жамағатпен оқылу үлгісі
Жамағаттың әрбірі имамға ұюға ниет етеді. Мысалы: 
«Бүгінгі бамдат намазының парызын өтеуге ниет еттім. 
Ұйыдым имамға». Одан кейін имам қолдарын көтеріп, 
жария түрде «Аллаһу әкбар» деп намазға бастайды. 
Жамағат қолдарын көтеріп, құпиялай «Аллаһу әкбар» 
деп, имаммен бірге намазға бастайды. Имам мен жамағат 
«субханаканы» жасырын оқиды. Имам құпиялай ә’узу 
мен Бисмиллаһты оқып, әрі қарай жариялай «Фатиха» 
және қосымша сүре оқиды. Имам бамдат, ақшам және 
құптан намазының алғашқы екі рәкатында және үтір 
намазының үш рәкатында, жұма мен айт намазының 
барлық рәкаттарында «Фатиха» мен оған қосымша аят-
тарды жамағат еститіндей жария оқиды. Және тәкбірлер 


200
Ислам ғылымхалы
мен «сами’ Аллаһу лимән хамидаһты» және де сәлемді 
жария айтады. Ақшам намазының үшінші және құптан 
намазының үшінші, төртінші рәкаттары мен бесін
намаздыгер намаздарының барлық рәкаттарындағы 
тәкбірлер мен «сами’ Аллаһу ли мән хамидаһ» сөзін және 
сәлемдерді жария түрде, ал «субханака» мен қырағатты 
құпия оқиды.
Имам бамдат намазының алғашқы рәкатындағы 
аяттарды, екінші рәкатта оқитын аяттардан екі есе көп 
оқу керек. Бұл – сүннет. Жамағаттың алғашқы рәкатқа 
жетуіне көмектеседі.
Жамағат тәкбірлерді құпия айтады. Имам рүкүғтен 
тұрған кезде жариялай «сами’ Аллаһу лимән хамидаһ» 
деп, құпиялай «Раббәнә уә ләкәл-хамд» дейді. Имам 
Ағзамның басқа бір риуаятында имам «Раббәнә ләкәл-
хамдты» айтпайды. Жамағат құпиялай «Аллаһумма 
Раббәнә уә ләкәл-хамд» немесе «Раббәнә уә ләкәл-хамд» 
дейді. Одан әрі рүкүғ пен сәждеде бәрі бірге құпиялай 
тәсбихтарды айтады.
Имам сәлемді жария түрде, жамағат құпия түрде 
береді. Имам да, жамағат та «әминді» құпиялай 
айтады.
Имам сәлем бергеннен кейін мына дұға оқылады.
}ِماَرْكلاا َو ِللا َجْلاَذ اي َتْكَرابَت ُملاَّسلا َكْنِم َو ُملاَّسلا َتْنَا َّمُهللأ{


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет