202
Ислам ғылымхалы
Таң намазының екінші рәкатына үлгерген
жағдайда...
Имамға таң намазының екінші рәкатында үлгерген
адам ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алғаннан кейін
ары қарай имамды тыңдайды. Соңғы отырыста тек
қана «әт-тәхият» дұғасын оқиды. Имам екі жаққа сәлем
бергеннен кейін дереу тұрып, үлгермей қалған бірінші
рәкатын жалғастырады. «Субханака» дұғасы мен «ә’узу
мен бисмиллаһты», сосын «Фатиха» мен қосымша сүрені
оқығаннан кейін рүкүғ, сәжде, соңғы отырыс жасап, на-
мазын аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: