274
Ислам ғылымхалы
Ақырғысы: «Қамис». Мата екі қабатталып барып,
ортадағы тұйық жерден бас сыярлықтай жыртылады.
Бас шығарылатын жыртық екі иыққа қарай жыртылған
жөн. Ұзындығы мойынның түбінен аяққа дейін.
Әйел адам үшін
орамал мен кеуде жамылғыш
қосылғандықтан әйелдің кебіні – бес қабат.
Жаназа намазы
Бұл – жуылып тазаланған мәйіт үшін мұсылмандардың
дәрет алып, құбыла жаққа қарап, түрегеп тұрып оқыған
намаз бен мәйіт үшін жасайтын дұға. Жаназа намазы
– кифая парыз. Яғни, бір аймақта бірнеше мұсылман
жаназы намазын оқыса жетіп жатыр.
Егер оқымаса,
барлығы бірге жауапкер және күнәлі. Жаназа намазының
шарты – ниет. Бұл ниетте мәйіттің ер немесе әйел, ер бала
немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы
үшін жаназа намазын оқуға және сол мәйітке дұға етуге
ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, намазды
бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға ұйиды. Мәйіт
еркек болса, «Мына ер үшін», әйел болса, «Мына әйел
үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет
етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле алмаса, имаммен
бірге намаз оқуға ниет қылады.
Жаназа намазының парызы – тәкбірлер мен қиям.
Бұл намазда рукуғ, сәжде, Құран оқу, тәшәһһүд жоқ.
Шарттары алты:
1. Мәйіттің мұсылман болуы.
2. Өзінің және қойылған жердің таза болуы.
3. Жамағаттың алдында болуы.
4. Дене мүшелерінің басым көпшілігінің немесе
басы, денесінің жартысының бар болуы.
5. Жерге қойылуы.
275
Намаз
6. Намаз оқитын адамның себепсіз бір нәрсеге
мінбеуі немесе отырмауы. Жаназа намазында жамағат
шарт емес. Бір ер мұсылман немесе бір әйел мұсылманның
оқуымен парыз орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: