Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет161/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   309
Ислам ғылымхалы
басы мен денесінің басым көпшілігі бар болса жуылады. 
Егер де басы болмай тек қана жартысы болса, немесе 
кеудесінің басым көпшілігі жоқ болса, жуылмайды. 
Кебінделмейді, намаз да оқылмайды. Бір матаға орап 
көміледі. Мәйітті жуу – оған ғұсыл мен дәрет алдыру. 
Ғұсыл алуды білетін адам өлікті жуа алады.
Жуатын адам қолына бір мата орап, мәйіттің әурет 
жерін жуып, тазалайды. Осыдан кейін мәйітке дәрет 
алдырады. Дәрет алдырған уақытта аузына, мұрнына су 
құймайды. Тек қана саусақтарымен мәсіх етіп сүртеді. 
Бетін және қолдарын жуып, басын мәсіх етеді. Аяқтарын 
жуады. Осыдан кейін мәйіттің үстіне су төгіп, басы мен 
денесін сабындалған сумен тазалап жуады. Оң мен 
солына кезек-кезек ауыстырып жуады. Әр мүшені жуған 
кезде үштен аз жумау – сүннет. Осыдан кейін жаназаны 
отырғандай етіп, өзіне тартып, қарнын басады. Асты-
нын бір нәрсе шықса, тек сол жерді ғана жуып таза-
лайды. Қайта дәрет алдырудың қажеті жоқ. Бәрі біткен 
кезде мәйітті сүлгімен сүртіп, кебіндейді. Одан кейін 
басына, жүзіне, сақалына әтір жағады. Мәйіттің шаш 
пен тырнақтары алынбайды. Мәйітті жабық жерде жуу 
керек. Мәйітті өзіне ең жақын адамның немесе жаназа 
жууды жақсы білетін адамның жуғаны жақсы. Әйел 
ерін жуа алады. Бірақ әйелді жуатын әйел кісі болмай 
қалған жағдайда ері өлген әйеліне тек қана тәйәммүм 
алдыра алады. Қатты ісіп кетіп жарылғалы тұрған 
немесе жуылуы мүмкін емес мәйіттің үстіне су төгілсе, 
жеткілікті. Жуатын кезде жууға ниет етіп, «бисмиллаһ» 
деп бастайды. Жуған уақытта «ғуфранака иа Рахман», 
«Аллаһым кешір» деген дұғана қайталап отырады. Егер 
су табылмаса тәйәммүм жасалады. Бөтен еркектер ара-
сында өлген әйел мен бөтен әйелдер арасында өлген 


273
Намаз
еркектерге тәйәммүм жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
былай дейді: 
«Әйел өзінен басқа әйел болмай еркектер 
арасында өлсе, еркек өзінен басқа еркек болмай әйелдер 
арасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі. 
Екеуінің жағдайы да су табылмаған болып санала-
ды».
Шейіт жайында
Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер 
жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен 
кебінделеді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни, 
қандары жуылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір 
жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді 
жайылады
303
. Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен 
қоса жерледі. Оларды жумады әрі намаздарын да 
оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. 
Шейіттерге жаназа намазы оқылмауының хикметі – 
жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі. 
Құранда оларға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет